"ҚМГ Инжиниринг"ЖШС СКП жобаларды сүйемелдеу басқармасының аға инженері
ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
| Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік) | Тиісті қызмет бейіні бойынша жоғары кәсіптік (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. |
| Кәсіби саладағы жұмыс өтілі | Ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда, сондай-ақ лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, оның ішінде бейіндік бағыт бойынша кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн. |
| Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі | |
| Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі | _ |
| -Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу; -Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздерін білу; -Мұнай-газ саласының негіздерін білу; -Жобаны басқару процестерін білу; -Мұнай мен газды өндіру, жинау, дайындау және тасымалдау техникасы мен технологиялары саласындағы өндірістік процестерді білу; -Мұнай, газ және газ конденсаты кен орындарын игеру мен пайдаланудың технологиялық негіздерін білу; -Мұнай-газ саласындағы жобалардың өмірлік циклінің кезеңдерін және олардың негізгі ерекшеліктерін білу; -Ақпаратты жүйелеу және талдау әдістерін білу. |
|
| -Жоба құрылымын қалыптастыру дағдылары; -Сызбаларды, блок-схемаларды, кестелерді, диаграммаларды және басқа да графикалық материалдарды оқу дағдылары; -Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары; -Презентациялар өткізу, іскерлік қарым-қатынас жасау және іскерлік хат алмасу дағдылары; -Жобалық есептеулер жүргізу үшін Aspen One Engineering (HYSYS, Plus), UniSim, PIPESIM, QUE$TOR мамандандырылған бағдарламаларын пайдалану дағдылары; -Өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде негізгі химиялық және технологиялық жабдықты таңдау және оның сәйкестігін тексеру, сондай-ақ сенімділігі мен жобалық және пайдалану талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Aspen HYSYS бағдарламасында модельдеу нәтижелерін қолдану дағдылары; -Энергия тиімділігін барынша арттыру, шығындарды азайту және процестердің тұрақтылығын арттыру мақсатында озық модельдеу әдістерін қолдана отырып, технологиялық процестерді оңтайландыру және инновациялық шешімдерді енгізу дағдылары; -Жобалардың инвестициялық тиімділігін бағалау үшін QUE$TOR бағдарламасында CAPEX және OPEX шығындарын есептеу және оңтайландыру дағдылары; -Презентациялар, есептер және басқа да қажетті құжаттамаларды қоса алғанда, Microsoft Office бағдарламаларында техникалық және талдамалық материалдарды әзірлеу және ұсыну дағдылары; -Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау, сондай-ақ оны есепке алу мен құжаттаманы жүргізу дағдылары; -Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары; -MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Outlook) бағдарламаларын пайдалану дағдылары; -Пәнаралық команда құрамында тиімді өзара әрекеттесу дағдылары. |
|
| Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды; Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтайды; Бөлімшенің қызметіне және қызметкердің функционалдық міндеттеріне қатысты тікелей басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды; Өндірістік бағдарлама шеңберінде жобалар бойынша сапалы есептіліктің дайындалуын және жұмыстардың/есептердің уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді; Ірі мұнай-газ жобалары (ТШО/КПО/СКП) бойынша зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне қатысты кен орындарын жайластыру, құрылыс, технологиялық процестер және күрделі шығындар, ұңғыма өнімдерін дайындау, өңдеу және тасымалдау, сондай-ақ инфрақұрылым объектілері мәселелері бойынша қорытындылар мен ұсынымдар әзірлейді; Ірі мұнай-газ жобаларын (ТШО/КПО/СКП) іске асыру шеңберінде кен орындарын жайластыру және технологиялық процестер бөлігінде жобалық шешімдерді талдайды, олардың іске асырылуын сүйемелдейді және тиісті ұсынымдар береді; Оператор компаниялардың техникалық кеңестеріне, комитеттеріне және жұмыс топтарына қатысып, ұсынымдар мен қорытындылар береді; Күнделікті және ай сайынғы кәсіпшілік деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады; Жобалардың іске асырылу барысы туралы деректерді тұрақты түрде жинайды және талдайды; Ірі мұнай-газ жобалары (ТШО/КПО/СКП) бойынша бастапқы деректерді біріктіреді және күрделі шығындарды есептеуді жүзеге асырады. |
|
| жоқ | |
| жоқ | |
Анықтама: * Сирек кездесетін мамандардың қажеттілігі және бос жұмыс орнының күрделілігі туралы ақпарат. ** Босатылған позиция туралы ақпарат (қызметкермен еңбек шартын бұзу, ұйымдық құрылымды өзгерту кезінде, оқу демалысы, жүктілік және босану бойынша демалыс, жалақы сақталмайтын демалыс (ұзақ демалыс), зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкердің зейнетке шығуы және т. б.) |
|
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
"ҚМГ Инжиниринг"ЖШС КПО жобаларды сүйемелдеу басқармасының жетекші инженері
ҚМГ Инжиниринг | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.11.2026 | 164
"ҚМГ Инжиниринг" ЖШС СКП жобаларды сүйемелдеу басқармасының аға инженері (уақытша)
ҚМГ Инжиниринг | Қызметкер болмаған кезде
| Астана қ.
20.11.2026 | 131
"ҚМГ Инжиниринг"ЖШС алдын ала барлау басқармасының жетекші инженері
ҚМГ Инжиниринг | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
19.11.2026 | 432