"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "Ақмола магистральдық желі бөлімшесі" Астана станциясының өңірлік инфрақұрылым бөлімі бастығының орынбасары

543 964 - 568 242
Акмолинское отделение магистральной сети Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
47

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Өспелі қорытындымен РҚКО жауапкершілігі шегінде поездар қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйіне тәуліктік, апталық, ай сайынғы талдауды қалыптастырады;
  • Инфрақұрылым шаруашылықтарының кінәсінен жолаушылар және жүк пойыздарының кешігуінің әрбір жағдайын талдайды;
  • қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайларын қызметтік тексеруге, сондай-ақ жол берілген ҰБД және техникалық құралдардың бас тартуы бойынша жедел кеңестерге, ОЖС шаруашылық жөніндегі РҚКО шекараларында қатысады;
  • РҚКО басшылығының жөндеу жол жұмыстарын жүргізу үшін технологиялық "терезелердің" айлық, апталық және қосымша жоспар-кестелерін келісуіне бақылау жүргізеді. Өтінімдердің негізділігін, ұсынудың біркелкілігін, бір учаскеде "терезелердің" қалыңдатылуын болдырмауды тексереді;
  • диспетчерлердің жұмыс орындарын штаттан тыс жағдайларда қажетті нормативтік үзінді көшірмемен, нұсқаулықтармен, іс-қимыл регламенттерімен қамтамасыз етеді;
  • ҰБД жағдайлары бойынша келіп түскен телеграф нұсқауларын, бұйрықтар мен өкімдерді өңдеуді және жүйелеуді жүзеге асырады. Ауысым қызметкерлерін қол қоюмен уақтылы таныстыруды ұйымдастырады, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, орындалуын бақылайды.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: теміржол құрылысы; жол және жол шаруашылығы; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Автоматтандыру және басқару; Энергетика; Көлік, көлік техникасы және технологиялары;
  • Жұмыс тәжірибесі: теміржол көлігінде кемінде 3 жыл;
  • Оның ішінде кемінде 1 жыл: инфрақұрылым бөлімінің диспетчері, поезд диспетчері, ӨЖ учаскесі бастығының орынбасары, СОБ учаскесінің бастығы, байланыс желісі ауданы учаскесінің бастығы лауазымдарында.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы