"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалының Оқу-әдістемелік жұмысы бөлімінің бас менеджері (16 грейд)

от 561 449
"ҚТЖ" "ҰК АҚ "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
124

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Оқу-әдістемелік жұмыс бойынша бөлімнің жылдық жұмыс жоспарын қалыптастырады
  • Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі бөлімнің және өндірістік оқыту шеберлерінің қызметін ұйымдастырады, оқу-әдістемелік мәселелер бойынша Өңірлік оқу орталықтарының қызметін үйлестіреді
  • Өндірістен қол үзіп, "ҚТЖ "ҰК" АҚ-да қызметкерлерді үздіксіз кәсіптік оқыту жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді
  • "ҚТЖ "ҰК" АҚ (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі, Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы)қызметкерлерін оқыту және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады
  • Өндірістік персоналды оқыту және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша "ҚТЖ "ҰК" АҚ құрылымдық бөлімшелерімен және "ҚТЖ "ҰК" АҚ еншілес ұйымдарымен оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі бөлімнің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді
  • Филиалдар мен өңірлік оқу орталықтарының материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базаларын нығайту бойынша өз құзыреті шеңберінде "ҚТЖ "ҰК" АҚ жергілікті актілеріне сәйкес шаралар қабылдайды.
  • Тыңдаушылар санының өзгеруі бойынша, топтар саны бойынша, оқу мерзімі мен кезеңі бойынша оқу процесінің кестесіне уақытылы түзетулер енгізуді қамтамасыз етеді
  • Кәсіптер бойынша жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді
  • Оқу-әдістемелік және нормативтік құжаттаманы дайындауды және әзірлеуді, филиалда Кәсіптік оқыту мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік кешендерді, оқу процесінде қажетті арнайы оқу әдебиеттерінің тізбесін қалыптастыруды ұйымдастырады
  • Тестілеу рәсімін ұйымдастыру мен өткізуді, оның ішінде тестілеу, біліктілік емтихандары/сынақтар рәсімдеріне қатысуды және филиал тыңдаушыларын аралық тестілеуді бақылауды жүзеге асырады

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары 
  • Мамандығы: менеджмент, педагогикалық мамандықтар (жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар), теміржол мамандықтары, техникалық мамандықтар, экономика.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша-мамандық бойынша 5 жыл (лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда), басшы лауазымда міндетті: мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі персоналды басқару саласында 5 жыл / HR /

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр