Рекультивация және дезактивация учаскесінің жетекші инженер-электромеханигі.

«Казатомпром-SaUran» ЖШС-і Таукент а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
123

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Учаскенің механикалық жабдықтарының, жылу желілерінің, ауа құбырларының үздіксіз жұмысын, дұрыс пайдаланылуын, жөнделуін және жаңғыртылуын қамтамасыз ету.Жабдықтарды сынауға және өнеркәсіптік пайдалануға қабылдауға қатысу.Жабдықтардың жұмыс жағдайларын зерделеу, мерзімінен бұрын тозу себептерін анықтау, олардың жұмысының сенімділігі мен үнемділігін арттыру жөнінде ұсыныстар дайындау, энергия мен отынның барлық түрлері бойынша шығындарға талдау жүргізу.Жабдықтардың барлық түрлерін, сондай-ақ амортизациялық мерзімі өткен және моральдық тұрғыдан ескірген жабдықтарды есепке алуды ұйымдастыру, оларды есептен шығаруға қажетті құжаттарды дайындау.Өзіне сеніп тапсырылған ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйіне бақылау жүргізу.Мемлекеттік техникалық қадағалау органдары бақылайтын жабдықтар мен құбыржолдарды пайдалануға қабылдауға дайындау бойынша жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз ету.УРиД бастығының нұсқауы бойынша лауазымдық нұсқаулықта көзделмеген, бірақ учаске бастығының орынбасары құзыретіне кіретін өзге де жұмыстарды орындау.Басшылықтың тапсырмасы бойынша цехта (қызметте) орын алған аварияларды, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тергеп-тексеруге қатысу, олардың себептерін талдау және олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.Учаскеде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.Учаскенің қызметтік үй-жайларының өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларына сәйкес тиісті жағдайда сақталуын қамтамасыз ету, жарықтандыру, жылыту, желдету және кәріз жүйелерінің жарамды күйін бақылау.Учаскенің қойма жұмысын санитариялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына, бухгалтерлік есеп пен есептілік жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелерге сәйкес ұйымдастыру.Халықаралық стандарттарға негізделген интеграцияланған менеджмент жүйелерін өндіріске енгізу және пайдалану.Кеніштің КМЖ саласындағы талаптарын сақтау.Қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау және өрт, экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету.Жобалық, конструкторлық және технологиялық тәртіптің, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларының, Мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалау органының нұсқамаларының, табиғатты қорғау, санитариялық және басқа да органдардың талаптарының сақталуын бақылау.Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалардың ұйымдастырылуын, уақтылы өткізілуін және сапасын бақылау, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау, жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне тұрақты әрі тиімді бақылауды ұйымдастыру.Қауіпсіздік техникасы мен өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын жақсартуға бағытталған бұйрықтардың, нұсқамалардың, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың және басқа да құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.Барлық жерде, жеке өзі және учаскенің инженерлік-техникалық қызметкерлері арқылы жұмыстардың барлық түрін орындау кезінде өндірістік процестердің барысын және қауіпсіздік мәселелерінің жай-күйін бақылау, оларды жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жұмыстардың басшыларына тиісті нұсқаулар беру.Өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесіне (ӨҚБЖ) сәйкес талаптарды орындау.Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу кезінде алдыңғы кезеңдердегі өндірістік жарақаттану, авариялар мен сырқаттанушылықты талдау нәтижелерін, өндірістік жарақаттар мен қауіпсіздік талаптарының бұзылуына себеп болатын неғұрлым жиі қайталанатын себептердің сипатын, сондай-ақ жұмыстардың қауіпсіздігін арттыруға және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған жоғары тұрған ұйымдардың нұсқауларын ескеру және пайдалану.Ауыр зардаптарға әкеп соққан авариялар мен жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге жеке қатысу және олардың қайталану мүмкіндігін болдырмайтын шараларды әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз ету.Учаскелердің қадағалау қызметтері мен учаскенің инженерлік-техникалық қызметкерлерінің қатысуымен техникалық кеңесте қауіпсіздік қағидалары талаптарының бұзылуына байланысты орын алған авариялар мен жұмыстардың тоқтатылуын апта сайын талдау.Жұмыстардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ұсынымдар мен ұсыныстарды енгізу жөніндегі жұмысты басқару. Еңбек қауіпсіздігін арттыруға, жұмыстарды жүргізудің қолданылатын әдістері мен құралдарының тиімділігін арттыруға бағытталған өнертапқыштар мен рационализаторларға тұрақты көмек көрсету.Лауазымдық нұсқаулықта және еңбек шартында көзделген функционалдық міндеттерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы мен ішкі нормативтік құжаттарда белгіленген шектерде кәсіби және іскерлік әдепті сақтай отырып, тиісінше орындау.Ақпаратты дұрыс әрі уақтылы ұсыну.Құрылымдық бөлімшенің ықтимал немесе анықталған тәуекелдері (операциялық проблемалар, рәсімдердің бұзылуы немесе теріс пайдаланулар) туралы тиісті деңгейдегі басшыға уақтылы хабарлау.Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау.Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау.Қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және ақпараттың құпиялылығына қойылатын талаптарды сақтау.Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау.Қолданыстағы еңбек және азаматтық заңнамада белгіленген шектерде келтірілген материалдық залал үшін жауапты болу.

Білім:

Жоғары/орта білімнен кейінгі (техникалық және кәсіптік) білім.

Дағдылар:

Ұйымның өндірістік-шаруашылық, қаржылық-экономикалық қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негіздері;Кеніштің КМЖ (Кіріктірілген менеджмент жүйесі) саласындағы саясаты мен мақсаттары;Серіктестіктің КМЖ саласындағы ішкі нормативтік құжаттамасының талаптары;Кенішті дамыту перспективалары, экономиканы және тиісті экономикалық қызмет түрін дамытудың басым бағыттарын айқындайтын мемлекеттік билік және басқару органдарының шешімдері;Учаскенің қызметіне қатысты жоғары тұрған органдардың қаулылары, өкімдері, бұйрықтары және басқа да басшылық және нормативтік материалдары;Кәсіпорынның бейіні, мамандануы және құрылымының ерекшеліктері;Саланың техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективалары және кәсіпорынның бизнес-жоспары;Өндірістік қуаттар, өнім өндіру технологиясы;Учаскенің өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібі;Шаруашылық жүргізу және учаскені басқару әдістері; шаруашылық шарттарды жасасу және орындау тәртібі; өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру және экономикасы; стандарттау; еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нормалар.

Қосымша:

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ трансформациялау жобаларын іске асыру, жанжалды жағдайларды әдепті түрде шешу қабілеті, персоналмен қарым-қатынаста сыпайылық сақтау, бағынысты қызметкерлердің құқықтарын жоғары тұрған лауазымды тұлғалар алдында қорғау қабілеті, персоналды ынталандырудың әртүрлі құралдарын қолдану;SAP ERP жүйесін меңгеру;«Цифрлық кеніш» ақпараттық жүйесін меңгеру;«Омником» мониторинг жүйесі;«5С жүйесі бойынша үнемді өндіріс» бағдарламасын енгізу.

Білетін тілдер:

Қазақ тілі — еркін меңгергенОрыс тілі — еркін меңгерген