Персоналды басқару бөлімінің басшысы

«Oil Services Company» ЖШС Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
224

   Конкурс туралы
Қажетті біліктілік:
Білімі:
Персоналды басқару бөлімінің басшысы.
Мамандық/кәсіп бойынша тәжірибе: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономика, менеджмент, құқық, психология және гуманитарлық ғылымдар саласында). Лауазымның бейініне сәйкес магистр дәрежесінің / MBA/EMBA/ басқа дәреженің болуы (мүмкіндігінше).
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибе: Кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
ҚР заңнамалық және нормативтік актілерін және міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де нормативтік құжаттарды білу:
1. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.
3. Серіктестіктің уәкілетті органының Жарғысы мен шешімдері.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» бұйрығы.
5. СТ ҚР ISO 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар».
6. СТ ҚР ISO 14001-2016 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқаулық».
7. СТ ҚР ISO 45001-2019 «Денсаулықты және еңбекті қорғау менеджменті жүйелері. Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқаулық».
8. API Spec Q2 «Мұнай және газ өнеркәсібіндегі қызмет жеткізуші ұйымдарға арналған сапа менеджменті жүйесінің талаптары».
Міндеттерді орындау үшін қажетті іскерлік дағдылар мен жеке қасиеттер:
1) келіссөздер жүргізу;
2) кеңселік компьютерлік бағдарламаларды, 1С (8), ЭҚАЖ, Документолог, Outlook және байланыс құралдарын пайдалану; 
3) ақпарат жинау және талдау, құжаттар, қорытындылар, есептер дайындау;
4) ауызша және жазбаша коммуникация;
5) өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру;
6) жауапкершілік;
7) орындаушылық;
8) командада жұмыс істей білуқ.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
1) Бөлім қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді, кадр саясаты мен персоналмен жұмыс мәселелері бойынша Серіктестіктің бас директорының заңнамалық актілерінің, бұйрықтарының, өкімдерінің және нұсқауларының орындалуын құрылымдық бөлімше басшылары тарапынан бақылауды қамтамасыз етеді.
2) Серіктестіктің бұйрықтары мен ішкі құжаттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
3) Қызметтік жазбаларды, бұйрықтарды және өзге де ішкі құжаттарды келіседі.
4) Кадрлық жұмысты қамтамасыз етуді жаңарту, оның материалдық-техникалық және ақпараттық базасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді, кадрларды басқарудың заманауи әдістерін қолданыстағы автоматтандырылған жүйелер мен кадр қызметі қызметкерлерінің автоматтандырылған жұмыс орындарын пайдалана отырып енгізеді, ұйым персоналы бойынша деректер банкін құрады, оны уақтылы толықтыруды және пайдаланушыларға қажетті ақпаратты жедел ұсынуды қамтамасыз етеді.
5) Серіктестегі кадрлық жұмысты талдайды және оны жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
6) Бөлімнің жұмысына басшылық жасайды, Бөлім қызметкерлері арасында жұмыс бағыттары бойынша жауапкершілікті бөледі.
7) Іскерлік мансапты жоспарлау, кандидаттарды жеке жоспарлар бойынша даярлау, басшылар мен мамандарды ротациялық ауыстыру, арнайы курстарда оқыту, тиісті лауазымдарда тағылымдамадан өткізу сияқты ұйымдастырушылық нысандар негізінде ілгерілету үшін кадр резервін қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмысты жүзеге асырады.
8) Еңбек заңнамасына, ережелерге, нұсқаулықтарға және Серіктестік бас директорының бұйрықтарына сәйкес кадрлық бұйрықтардың уақтылы ресімделуіне бақылау ұйымдастырады.
9) Өз жауапкершілігі аймағында бюджеттің қалыптастырылуы мен игерілуін бақылауды жүзеге асырады.
10) Персоналды іріктеу, таңдау, жалдау және бейімдеу жұмыстарының жүзеге асырылу процесін бақылауды қамтамасыз етеді.
11) Персоналды көтермелеуге және наградтауға ұсыну үшін материалдарды дайындауға қатысады.
12) Серіктестік қызметкерлерінің аттестация нәтижелерін талдауға қатысады.
13) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Нұсқаулықтар, Ережелер, Қағидалар және басқа да әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады.
14) Өз құзыреті шегінде құрылымдық бөлімшелерге Бөлімге қатысты мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсетеді.
15) Комиссиялардың, жұмыс топтарының және кеңестердің жұмысына қатысады.
16) Ішкі ауыстырулар бойынша комиссия жұмысының ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асырады.
17) Персоналды дамыту бойынша оқыту іс-шараларының өткізілуіне бақылауды ұйымдастырады.
18) Белгіленген көрсеткіштер мен нысандар бойынша есептіліктің уақтылы жасалуын және тиісті орынға тапсырылуын бақылауды қамтамасыз етеді.
19) Аутстаффинг арқылы персоналды тарту жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуына бақылау жүргізеді.
20) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатта, кодекстерде немесе өзге де ішкі құжаттарда және заңнамада белгіленген талаптарды сақтау немесе оларды сақтаудың мүмкін еместігі туралы тікелей басшысына хабарлау міндетін орындайды.
21) Өзіне белгілі болған жасалған немесе жоспарланған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы комплаенс қызметіне немесе «Жедел желіге» дереу хабарлайды.
22) Жеке үлгі көрсету арқылы қауіпсіз мінез-құлықты және қағидалар мен нормаларды сақтауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ басқа қызметкерлерді ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ талаптарын сақтауға тарту және ынталандыру жұмыстарын жүргізеді.
23) Тәуекелдерді төмендету, ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ деңгейін жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеуге, өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, оқиғалар мен ТЖ-дың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен енгізуге қатысады.
Қосымша біліктілік талаптары: 
  1. Қызметкерлер саны 1000 адамнан кем емес ірі компанияларда жұмыс тәжірибесі.
  2. Персоналды басқару процестерін автоматтандыру мен цифрландырудың, HR-ақпараттық жүйелерді енгізу мен жетілдірудің практикалық тәжірибе.
  3. Корпоративтік, кәсіптік және басқару құзыреттерінің үлгілерін әзірлеу және енгізу, қызметкерлердің құзыреттерін бағалауды ұйымдастыру тәжірибе.
  4. Құзыреттерді бағалау нәтижелері негізінде персоналды дамыту жүйелерін, оқыту бағдарламаларын, жеке даму жоспарларын және кадр резервін дайындауды әзірлеу және іске асыру тәжірибе.
  5. Ірі еңбек ұжымдарында, оның ішінде әлеуметтік шиеленіс, еңбек жанжалдарын реттеу және кәсіподақ ұйымдарымен өзара іс-қимыл жағдайында әлеуметтік-еңбек қатынастарын басқару тәжірибе.
  6. Персоналды басқару тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін әзірлеу және мониторингілеу, HR-аналитика құралдарын енгізу тәжірибе.

Қосымша кәсіби білім мен дағдылар:
1. Персоналды стратегиялық және операциялық басқарудың заманауи технологиялары.
2. Құзыреттілік модельдерін әзірлеу және енгізу, персоналды бағалау әдістемесі.
3. Қызметкерлердің кәсіби және басқарушылық құзыреттерін, әлеуеті мен нәтижелілігін бағалау әдістері.
4. Оқытудың, персоналды дамытудың және таланттарды басқарудың заманауи технологиялары.
5. HR-процестерді автоматтандыру және цифрландыру құралдары.
6. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын басқару, жанжалдардың алдын алу және реттеу әдістері.
7. HR-аналитиканың және персоналды басқару процестерінің тиімділігін бағалау әдістері.

Қажетті қабілеттер

  • Современные технологии стратегического и операционного управления персоналом
  • Методология разработки и внедрения моделей компетенций и оценки персонала
  • Современные технологии обучения, развития персонала и управления талантами
  • Инструменты автоматизации и цифровизации HR-процессов
  • Методы управления социально-трудовыми отношениями, предупреждения и урегулирования конфликтов
  • Методы HR-аналитики и оценки эффективности процессов управления персоналом

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр