Омбудсмен
"ШалкияЦинк ЛТД" АҚ Шалқия а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктері шегінде Қоғамның кіріктірілген менеджмент жүйесінің саясаттары және өзге де құжаттарының талаптарын сақтау.
- Омбудсменнің құзыреті шегінде Қоғам қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек қатынастары, іскерлік этика және өзге де мәселелер бойынша Қоғам қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және лауазымды тұлғалардың шешімдеріне (актілеріне) қатысты өтініштерін қарайды.
- Қоғам қызметкерлеріне құқық қорғау және сот органдарына берілгенге дейін, сондай-ақ сотқа дейінгі және соттан тыс тәртіпте ерте кезеңде туындайтын қақтығыстарды (дауларды) реттеуге жәрдем көрсетеді.
- Кешенді шаралар қабылдауды талап ететін жүйелік сипаттағы анықталған проблемалық мәселелерді Қамқоршылар кеңесіне, атқарушы органға және/немесе өзге де құзыретті лауазымды тұлғаларға қарауға шығарады және оларды шешу бойынша конструктивті ұсыныстар енгізеді.
- Қоғамның органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің жедел қызметіне және өкілеттіктеріне араласпай, Омбудсменнің ұсынымдарын қарау және іске асыру мәртебесіне мониторинг жүргізеді.
- Іскерлік этика мәселелері, Омбудсмен институтының рөлі мен қолжетімділігі, қақтығыстардың алдын алу және қолжетімді өтініш беру арналары бойынша ақпараттық және оқыту іс-шараларын өткізуге қатысады.
- Қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, ұжымдармен кездесулер және өндірістік объектілерге шығулар арқылы қызметкерлермен тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
- Омбудсменнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен өзара әрекет етеді.
- Жылына кемінде бір рет Қамқоршылар кеңесіне және/немесе Қамқоршылар кеңесінің тиісті комитетіне құпиялылық талаптарын сақтай отырып, Омбудсмен қызметінің нәтижелері, жүйелік проблемалар, үрдістер және ұсынымдар туралы есеп ұсынады.
- Функцияларын орындау кезінде тәуелсіздік, бейтараптылық (әділдік), құпиялылық және бейресмилік қағидаттарын басшылыққа алады.
- Мүдделер қақтығысына жол бермейді; бейтараптылыққа әсер етуі мүмкін мән-жайлар болған кезде Қамқоршылар кеңесін хабардар етеді және әрі қарайғы тәртіп айқындалғанға дейін тиісті мәселені қараудан бас тартады.
Талаптар:
- Құқық және/немесе персоналды басқару, және/немесе іскерлік әкімшілендіру, және/немесе мемлекеттік басқару, және/немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін психология, әлеуметтану немесе өзге де сала бойынша жоғары кәсіби білім.
- Медиация, келіссөздер, қақтығыстарды басқару, еңбек қатынастары, адам құқықтары және/немесе корпоративтік басқару саласында қосымша кәсіби даярлық/сертификаттардың болуы [дұмән] артықшылық болып табылады.
- Жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл.
- Төмендегі салалардың бірінде немесе бірнешеуінде жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл: әлеуметтік-еңбек қатынастары, құқық, персоналды басқару, корпоративтік басқару, еңбек даулары мен қақтығыстарды реттеу, келіссөздер жүргізу және медиация.
- Басшылық лауазымдарда жұмыс істеу тәжірибесі, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын реттеудегі практикалық тәжірибе артықшылық болып табылады.
- Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру. Ағылшын тілін Intermediate деңгейінде білу [дұмән] қалаулы.
Шарттары:
- Конкурстық іріктеу
- Жұмыс кестесі 5/2
- Шалкия кенті, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
Әкімшілік-шаруашылық қызметінің маманы
«Бутадиен» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
20.11.2026 | 1165
Іс жүргізу жөніндегі маман
ҚРҚ "БК "Заречное" | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
18.11.2026 | 611
Ақпаратты өңдеу жөніндегі маман Ақпараттық-технологиялар орталығының іс жүргізуді басқару бөлімі
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
16.11.2026 | 486