«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қостанай өндірістік филиалының «Қамысты газ» мекемесінің жерасты газ құбырларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу слесары
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қостанай өндірістік филиалы Қамысты а.Құрметті ізденуші!
Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.
Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
- Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
- Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
- Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.
Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.
Құрметті үміткер! Біздің компаниямызға білдірген қызығушылығыңыз үшін алғыс айтамыз. Жұмыс вакансиясына жауап бермес бұрын, конкурсқа іріктеудің міндетті шарттарымен танысып шығуыңызды сұраймыз: Берілген деректердің (білім, жұмыс тәжірибесі, дағдылар және т.б.) дұрыстығына үміткер жауап береді. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны туралы мәліметтердің жоқ екендігі жөніндегі анықтаманы ұсыну қажет. Жеке кабинетіңіздегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз. Төменде жарияланған вакансиямен таныса аласыз.
Міндеттері:
- Газ берудің оңтайлы режимін белгілеу үшін ақпарат жинау;
-
ГРП, ШРП және газ құбырларында соңғы тұтынушыға дейін қысымды өлшеуді жүзеге асыру;
Газ желілеріндегі қысымдар кестесін жасауға қатысу;
Қысымның ең үлкен құбылуы бар сыни нүктелерді анықтау;
Газ құбырындағы ақаулар мен бітелулерді жою;
Газ қысымының тұтынушылардың аспаптарындағы нормативтік мәндерге сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, газ берудің режимін ГРП, ШРП бойынша өзгерту үшін мәліметтерді шеберге беру;
Тұтынушыларға газ берудің белгіленген режимін сақтау (ГРП және ШРП шығуларында газ қысымының есептелген мәндерін орнату);
Жаңадан салынған газ құбырларын қолданыстағы газ желісіне қосу. Орта және жоғары қысымдағы диаметрі 500 мм-ге дейінгі газ құбырларында ажырату (врезка), ауыстырып қосу және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде слесарлық жұмыстарды орындау;Газ құбырларын, ГРП, ШРП-ны герметикалығына сынау;
Пайдалануға енгізу кезінде, жөндеуден кейін және оларды консервілеуден кейін газ құбырларына газ жіберу, іске қосу-реттеу жұмыстарын орындау;
Газ құбырларын, ГРП, ШРП-ны кестеге сәйкес аралау;
Кестеге сәйкес газ құбырларына, ГРП, ШРП-ға техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, ПЗК және ПСК-ны іске қосылуға баптау;
Бітелулерді жою, тығындарды (қақпақтарды) орнату және шешу;
Газ құбырларын, ГРП, ШРП-ны ажырату, үрлеу және демонтаждау;
Газ құбырын сығылған ауамен сынау, ағып кетулерді анықтау және жою, газ ағып кетулерінің анықталған фактілерін тіркеу;
АДС және т.б. өтінім бойынша газ құбырларындағы және олардың құрылыстарындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындау.
Талаптар:
- Орта арнаулы немесе орта жалпы білім;
- Жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.
Шарттар:
- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресімдеу;
- Екі демалыс күні бар бескүндік жұмыс аптасы – сенбі және жексенбі.
Қажетті қабілеттер
- - Ответственно и внимательно выполняю поставленную перед собой
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
Ұқсас вакансиялар