"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "магистральдық желінің Алматы бөлімшесі"филиалының маршруттық парақтарын есепке алу және өңдеу секторының инженері (технологы)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Жұмыс топтарына және бейіндік мәселелер бойынша кеңестерге қатысады.
- Локомотив негізгі деподан шыққан және оған кірген кезде шаруашылық және маневрлік қозғалыс машинистерінің маршруттары бойынша ақы төлеуге Локомотив-сағат санын есептейді (бақылау бекетінің белгілері бойынша).
- Локомотивті алдыңғы бригададан қабылдаған сәттен бастап шаруашылық және маневрлік қозғалыстағы ақылы Локомотив-сағатты айқындайды.
- Локомотивті шаруашылық жұмыстардан басқа қозғалыс түрлеріне және кері ауыстыру кезінде локомотив-сағатты есепке алады және есептейді.
- Жұмыс кезінде локомотивтің техникалық ақаулығы туындаған жағдайда шаруашылық және маневрлік қозғалыс маршруттары бойынша ақы төлеу уақытын айқындайды.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Саладағы мамандығы: тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (темір жол көлігі), Көлік, көліктік техника және технологиялар, көтеру-көліктік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, Автоматтандыру және басқару, Электр энергетикасы, құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы), талдау және экономика;
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қоймай.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр