Метрология жөніндегі бас маман (Ақтау қ.)

«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
30

Қаралған саны:
510

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) Филиалда МОП бойынша жұмыстарды ұйымдастыру:

- өлшеу құралдарының (бұдан әрі – ӨҚ), өлшеу функциялары бар сынақ жабдығының (бұдан әрі – СЖ) жай-күйін және дұрыс орнатылуын, пайдаланылуын, техникалық қызмет көрсетілуін, жөнделуін, тексерілуін (поверка) және сақталуын міндетті түрде бақылауды жүзеге асыру;

- стандартты үлгілерді (бұдан әрі- ГСО) және өлшеу әдістемелерін (бұдан әрі – ӨӘ) қолдану мен жай-күйін талдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, метрологиялық ережелер мен нормалардың, өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

- аккредиттеуге дейінгі және аккредиттеуден кейінгі жұмыстар бойынша бюджеттік жоспарлауды ұйымдастыру;

- ӨҚ жыл сайынғы тексеру (поверка) кестесін әзірлеу;

- ӨҚ-ны және СЖ-ны тиісінше мерзімді тексеруге (поверка) және аттестаттауға уақытылы ұсынуды ұйымдастыру;

- өлшеу функциялары бар ӨҚ мен СЖ-ны метрологиялық бақылауға жататындарын SAP/R3 және SAP S/4 HANA;

- филиалға жаңадан жеткізілетін ӨҚ мен СЖ-ны қабылдауға қатысу;

- Қазақстан Республикасының аумағында филиалға жаңадан жеткізілген, Қазақстан Республикасының өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген ӨҚ-ны пайдалануды заңдастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

2) филиалда МОП бойынша жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету және іске асыру, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын ескере отырып, өндірістік жарақаттануды төмендету; ӨҚ-ның (оның ішінде қауіпсіздік аспаптарының), СЖ-ның, ГСО-ның және аттестатталған ӨӘ-ның жай-күйі мен қолданылуына метрологиялық бақылауды жүзеге асыру, зертханалар арасындағы салыстырмалы сынақтардың (өлшеулердің) нәтижелерін бақылау;

3) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді (ТЖҚ) сатып алу жоспарларының бюджеті қалыптастыруға қатысу, ӨҚ, СЖ және өнімнің сапалық және сандық көрсеткіштерін және сынақ объектілерін айқындау үшін қолданылатын қосалқы жабдықтардың өмірлік циклін және ақаусыз техникалық жай-күйін қолдауға қажетті ТЖҚ-ны қамтамасыз ету, олардың белгіленген нормативтік талаптарға сәйкестігін бағалау кезінде, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бағдарламаларына сәйкес, сондай-ақ жобалау-іздестіру жұмыстарын аспаптық мониторинг жүргізу кезінде; ТЖҚ жоспарларының бюджетіне тиісті шығыс баптары бойынша түзетулер енгізу;

4) МОП бойынша сервистік-техникалық қызмет көрсету, жөндеу (ағымдағы) жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, олардың өмірлік циклін және ақаусыз техникалық жай-күйін сақтау мақсатында, сондай-ақ МВИ-ді енгізу және пайдалануға жаңадан сатып алынған жабдықты (өлшеу функциялары бар ӨҚ және СЖ) іске қосу бойынша іске қосу-реттеу жұмыстарын орындауды бақылау; басқа бөлімшелермен бірлесіп филиалдың электрондық сатып алу порталы арқылы ТЖҚ сатып алуға өтінімдер мен сатып алынатын ТЖҚ-ға техникалық спецификацияларды қалыптастыруға қатысу;

5) өз құзыреті шегінде филиал мен Қоғамның бұйрықтары мен өкімдерінде, бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларында белгіленген өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету саласындағы бұзушылықтарды жоюды бақылауды жүзеге асыру; жұмыс процесінен белгіленген техникалық талаптар мен пайдалану шарттарына сәйкес келмейтін ӨҚ мен СЖ-ны алып тастау;

6) өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету, техникалық реттеу, қауіпсіздік, экология және денсаулық саласындағы заңнаманы сақтау және орындау, филиал мен Қоғамның бірінші басшыларының, сондай-ақ олардың орынбасарларының бұйрықтары мен өкімдерін, бақылау және қадағалау органдарының қаулылары мен нұсқамаларын, Қоғамның орталық аппаратының қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік бақылау және экология саласындағы тұрақты жұмыс істейтін комиссиясының жұмысының нәтижелері бойынша түзетуші-ескерту іс-қимыл жоспарларын, метрология қызметінің қызметіне қатысты талаптарды орындау;

7) сынақ зертханасының мамандарымен және филиалдың басқа бөлімшелерімен, сондай-ақ сервистік-техникалық қызмет көрсетуді, сапа мен сервистік-техникалық қызмет көрсету көлемдерін бақылауды жүзеге асыратын мердігер ұйымдармен бірлесіп, газ-талдағыш жабдыққа (шоғырлану деңгейлерінің асып кетуі туралы дабыл беру функциялары бар газ талдағыштар) сервистік-техникалық қызмет көрсету бойынша орындалған жұмыстардың сапасы мен көлемін бақылауды қамтамасыз ету; бұл жұмыс өндірістік аймақтағы және қоршаған ортадағы ауаның жай-күйін үздіксіз бақылауға, жанғыш газдар мен булардың жарылысқа қауіпті концентрацияларының пайда болуын болдырмауға бағытталған;

8) өз құзыреті шегінде филиалда әзірленетін бұйрықтар, өкімдер, шарттық және басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

9) Қоғам ұйымдастыратын курстарда қазақ тілін оқып-үйрену, егер оны құжаттарды әзірлеуге және іс жүргізуді жүргізуге мүмкіндік беретін деңгейде білмесе;

10) ИСМ құжаттамасының талаптарын сақтау және орындау, Қоғамның сапа менеджменті, экология, денсаулық және қауіпсіздік саласындағы саясатына, сондай-ақ Қоғамның ақпараттық қауіпсіздік саласындағы саясатына сәйкес қойылған мақсаттарға қол жеткізу;

11) Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі саласындағы Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын сақтау және орындау ISO/IЕС 27001;

12) Филиал басшылығы оған жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру;

13) қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау немесе электр қауіпсіздігі саласындағы ережелер мен нұсқаулықтардың бұзылуы қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін жағдайларда жұмысты тоқтата тұру.

Талаптар:

Тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл

Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

1) Қоғамның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер;

2) техникалық реттеу, өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасында (ҚР) сәйкестікті бағалау салаларындағы заңнамалық актілер мен нормативтік құжаттар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен институттардың метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы нормативтік құжаттары, олар Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген;

3) сапа, экология, денсаулық, қауіпсіздік және энергия менеджментінің интеграцияланған жүйесіне (бұдан әрі – ИСМ) қойылатын талаптар, өндірістік процестерді аспаптық мониторингтеу және өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету бөлігінде халықаралық стандарттарға ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001 сәйкес жұмыс істейтін;

4) ұйымды басқарудағы жүйелік және процестік тәсіл қағидаттары, метрологиялық қамтамасыз ету өндірісін басқару процестерін бағалау және сипаттау әдістері (бұдан әрі - МОП) және МОП процестерін басқару жүйесінің негіздері;

5) СТ РК 1928-2023 сәйкес базалық деңгейде мемлекеттік тіл.

 

Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар:

1) жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру;

2) шешімдерді уақтылы қабылдау және іске асыру қабілеті, міндеттердің орындалуын, талдау мен болжауды қамтамасыз ету;

3) ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау;

4) реттеуші және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды әзірлеу;

5) әріптестермен, серіктестермен ынтымақтастық;

6) келіссөздер жүргізу;

7) есептеу техникасының, коммуникация мен байланыстың құралдарын пайдалану,

8) қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру.

 

Шарттары:

Күніне 8 сағат, 5 күндік жұмыс аптасында 2 демалыс күнімен, сенбі және жексенбі

Жұмыс орны – Ақтау қаласы

Қажетті қабілеттер

  • Метрологическое и техническое обслуживание различных средств измерения
  • 3) работа в программе «Метрологического обеспечения» SAP R/3
  • Знание нормативных требований в области метрологии

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташадан жоғары)