Бас тәуекел-менеджер/комплаенс

Самұрық-Қазына Инвест Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
78

Қаралған саны:
11738

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  1. Алқалы органдар мүшелерінің шешімдер қабылдау тиімділігін арттыру.
  2. Компанияның алға қойған мақсаттарына қол жеткізуіне әсер ететін тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау.
  3. Компанияның тәуекелдерді басқару әдістері тиімділігінің мониторингін жасау.
  4. Құжаттар жинағының толықтығын және дұрыстығын бақылау.
  5. Комплаенс функциялар.
  6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу және сақтау.
  7.  Тәуекелдерді басқару және комплаенс жүйесін жетілдіру.
1.Білімге қойылатын талаптар:
1.1. Бейінді салалардағы жоғары білім: Қаржы / Экономика / бухгалтерлік есеп және аудит / құқықтану.
1.2. Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе оқу процесі кезіндегі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларының болуы (CIA сертификаты (Certified Internal Auditor, "дипломды ішкі аудитор", Ішкі аудиторлар институты)  және Ішкі аудиторлар институтына мүшелік.
1.3.Тәуекелдерді басқару дәрежесінің (Enterprise Risk Management certificate, FRM) және/ немесе ішкі аудит/ аудитор/қаржы саласындағы және / немесе Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерінің сертификаты/куәлігі/дипломының және/ немесе DipIFR сертификатының болғаны дұрыс.

2. Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
  • Бейінді салаларда кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесі: квазимемлекеттік сектор ұйымдарында және/немесе инвестициялық компанияларда және/немесе қаржы институттарында және/немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылаушы /қадағалаушы органдарында ішкі бақылау/кредиттік талдау/тәуекел - менеджмент/ экономика/бухгалтерлік есеп және аудит /қаржы/құқықтану   саласында  немесе аталған маманданымдардың бірінде және 1-тармақтың 1.1., 1.2., 1.3. тармақшаларында көрсетілген дипломдар, сертификаттар болған кезде кемінде 8 жыл жұмыс тәжірибесі бар. 
3. Білімдер, дағдылар:
  • Қаржылық және экономикалық құқықтық қатынастарды реттейтін, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу, менеджмент тәуекелі (Ұлттық банк және басқалар) мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білу.
  • Тәуекелдерді басқару, қаржылық есептілік саласындағы негіздердің халықаралық стандарттарын, тәуекелдерді басқару әдістерін және ішкі бақылау, Ішкі аудит, тәуекелдерді басқару корпоративтік жүйесін құрудың үздік практикаларын, корпоративтік басқару негіздерін білу және дағдылары.
  • Компания жұмыс істейтін түрлі секторлардың бизнес-қызметі мен ерекшелігін білу және дағдылары.
  • Мемлекеттік және орыс тілдерін білгені дұрыс.
  • Ағылшын тілін "intermediate"деңгейінен төмен емес деңгейде білгені дұрыс.

Шарттары:

  • Хабарландыру жарияланған сәттен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде кандидаттардың өтінімдері/түйіндемелері қабылданады және кандидатқа оның біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы кері байланыс ұсынылады. Сәйкес келген жағдайда, үміткермен тікелей басшысымен, жетекшілік ететін басшысымен және HR басшысымен онлайн әңгімелесу өткізіледі, оның нәтижелері бойынша үміткер кәсіби білімді тестілеуге шақырылады және ол өткен жағдайда онлайн алқалық әңгімелесуге шақырылады.
  • Серіктестік кандидаттардың конкурсқа қатысуына байланысты шығыстарын өтемейді. Үміткерлер конкурсқа қатысу шығындарын (тестілеу өтетін жерге немесе әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
  • Кәсіби білімді бағалау тестілері бойынша шекті мән сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың саны кемінде 70% - ын құрауы тиіс. Тестілеуден өту кезінде шекті деңгейден төмен емес баға алған кандидаттар әңгімелесуге жіберіледі.
    Тест сұрақтарының бағыты: 
  • Жобаларды қаржылық және инвестициялық талдау және бағалау.
  • Тәуекел-менеджмент негіздері (тәуекелдерді басқару, сақтандыру). COSO моделі.
  • Инвестициялық талдау негіздері.
  • Экономикалық теория және қаржылық модельдеу негіздері.
  • Жобаларды басқару. Бизнес-процестерді құру.
  • Ішкі бақылау.
  • Ықтималдық теориясы (сезімталдықты талдау; Монте-Карло әдісі).
  • "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңы.