Қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші маманы (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
36

Қаралған саны:
1224

   Конкурс туралы

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына  қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші маманы қажет

Талаптар:

Білімі:

  •  Қоршаған ортаны қорғау/жаратылыстану ғылымдары саласындағы жоғары білім.       
  •  Магистр дәрежесінің болуы (MBA/ басқа) (мүмкіндігінше).

Қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі:

  • қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде 4 жыл, оның ішінде мұнай-газ саласында кемінде 3 жыл.

Басқару тәжірибесі:

  • Жоқ.

ҚМГ компаниялар тобындағы/мұнайгаз саласындағы жұмыс тәжірибесі:

  • 3 жыл

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

  • Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, рұқсат беру қызметі, тұрақты даму, жер қойнауын пайдаланудың әкімшілік және салықтық реттеу саласындағы заңнамалық нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • Мұнай-газ өнеркәсібіндегі қызметті, қоршаған ортаны қорғау, орнықты даму мәселелерін реттейтін әдістемелік, нормативтік және басқа да құжаттар; халықаралық актілер мен конвенциялар, ең үздік әлемдік практикалар, ҚОҚ және ТД жөніндегі стандарттар (IOGP, GRI, IPIECA);
  • қолданбалы экология саласындағы тәжірибе және сараптамалық білім, мұнай-газ саласындағы өндірісінің негізгі технологиялық процестері мен режимдерін білу, мұнай-газ индустриясында тұрақты даму тұжырымдамасын енгізудің халықаралық тәжірибесі саласында;
  • тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері;
  • Сапа менеджментінің, қоршаған ортаны қорғаудың, денсаулық сақтаудың және еңбек қауіпсіздігінің интеграцияланған жүйесі саласында; өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында; ішкі бақылау жүйесі саласында, ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі саласында;
  • мемлекеттік тілді, ағылшын тілін білуі (мүмкіндігінше).

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар: 

  • Microsoft Office, Outlook Express, Internet Explorer және т.б. бағдарламаларында жұмыс істеу дағдылары;
  • қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, деректерді жүйелеу, талдау және қорыту; 
  • ұжымда жұмыс істей білу, тіл тапқыштық, ашықтық, адалдық, тапсырмаларды жедел орындау, орындалатын жұмыстың сапасын жақсартуға ұмтылу;
  • негізгі қызмет мәселелері бойынша министрліктермен және ведомстволармен, бөгде ұйымдармен хат алмасу.

Осы лауазымның функционалдық міндеттері:
  • Қалдықтарды басқару саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында ҚМГ компаниялар тобы үшін ұзақ мерзімді басымдықтар мен нысаналы бағдарларды қалыптастыруға қатысады; қалдықтарды басқару саласында ішкі саясаттар/бағдарламалар, стратегиялық құжаттар, жоспарлар жобаларын әзірлеуді үйлестіреді, олардың іске асырылуын, сондай-ақ ҚОҚ қызметтері/департаменттері жұмыскерлерінің бекітілген іс-шаралар мен мақсаттарды орындауын бақылайды;
  • ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарының (бұдан әрі - ЕТҰ) Қазақстан Республикасы заңнамасының, ҚМГ ЕТҰ-ның қалдықтарды басқару саласындағы ішкі құжаттарының талаптарын сақтауына мониторинг жүргізеді;
  • ҚОҚ саласындағы рұқсат беру құжаттарын (Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес реттелетін) барлық ЕТҰ объектілері бойынша бақылауды және мониторингті жүзеге асырады, санамаланған рұқсат беру құжаттарын жинауды жүзеге асырады;
  • ЕТҰ және мердігерлік ұйымдар бойынша өндіріс қалдықтарын қалыптастыру, сақтау және жою (кәдеге жарату көлемдері, көздері, әдістері) жөніндегі ақпаратты талдауға қатысады;
  • қалдықтарды басқару мәселелері бөлігінде ҚМГ және ЕТҰ жылдық және өндірістік бағдарламалары мен бюджеттерін әзірлеуге және қарауға қатысады, іс-шараларға тиімді мониторинг жүргізу және бюджет қаражатын игеру мақсатында олардың толық іске асырылуын бақылайды, жетекшілік ететін функционал шеңберінде ұсыныстар мен ұсынымдар береді;
  • басшылық пен мемлекеттік органдарға ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық есептерді, талдамалық анықтамаларды, сараптамалық қорытындыларды және басқа да ақпараттық материалдарды дайындайды;
  • қалдықтарды басқару бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша реттеуші органдармен жұмыс жүргізеді; заңнаманы өзгерту бойынша жұмыс топтарына қатысады; Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының сұратуы бойынша ақпарат дайындайды;
  • GRI стандартының талаптарына сәйкес ҚМГ-ның тұрақты дамуы туралы есеп үшін және ҚМГ-ның жылдық есебі үшін "қалдықтарды басқару" бөлімін әзірлейді;
  • ҚМГ-ның еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі деректерді басқарудың корпоративтік ақпараттық жүйесінің дерекқорын толықтыруды, сондай-ақ оның қалыптастырылуын және тұрақты дамуын бақылайды; 
  • қалдықтарды басқару саласындағы қызметтің функционалдық көрсеткіштерін (ҚТК) әзірлейді.

Қажетті қабілеттер

  • MS Outlook
  • Английский язык
  • Деловая переписка
  • Организаторские навыки
  • Экологическая безопасность