Төменкөміртекті саясат басқармасының модельдеу жөніндегі жетекші маманы (аутстаффинг)
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына төменкөміртекті саясат басқармасының модельдеу жөніндегі жетекші маманы (аутстаффинг) қажет
Талаптар:
Білімі:
- Жоғары (техникалық/экономикалық).
Қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі:
- орнықты даму модельдерін құру/экономикалық талдау саласында кемінде 4 жыл
Басқару тәжірибесі:
- талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобындағы/мұнайгаз саласындағы жұмыс тәжірибесі:
- ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде (мұнай-газ немесе квазимемлекеттік сектор ұйымдарында, халықаралық және ғылыми ұйымдарда болғаны дұрыс) кемінде 2 жыл (мүмкіндігінше)
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
- Қазақстан Республикасының табиғат қорғау, мұнай-газ, энергетикалық заңнамасы, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы саласында;
- орнықты даму, парниктік газдарды басқару саласындағы халықаралық актілер мен конвенциялар, стандарттар, үздік әлемдік тәжірибелер;
- ең аз шығындармен және қоршаған ортаға әсермен энергия жүйесін құруға негізделген орнықты даму модельдерін әзірлеу және басқару бойынша;
- экономиканың барлық секторлары бойынша макроэкономиканы, энергетикалық жүйелерді модельдеуді, жүйелік-динамикалық модельдеуді дамыту тәжірибесі;
- митигация және бейімдеу, климаттың өзгеруінің әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсері және GAMS орталарында модельдеу бөлігіндегі климаттың өзгеру мәселелерін талдау;
- ақпараттық саясат, деректерді автоматтандырылған жинаудың, жүргізудің, іздеудің, талдаудың, жүйелеудің, өңдеудің және сақтаудың ақпараттық жүйелері саласында;
- энергетикалық секторда парниктік газдар шығарындыларын азайту әлеуетіне жалпы экономикалық бағалауды жүргізу;
- сапа менеджментінің, қоршаған ортаны қорғаудың, денсаулық сақтаудың және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің интеграцияланған жүйесі, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік менеджментінің жүйесі саласында;
- ҚМГ тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
- өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
- мемлекеттік және ағылшын тілдерін білуі (мүмкіндігінше).
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Word, Excel, Lotus, PowerPoint, TIMES және басқа да бағдарламаларда жұмыс істеу дағдылары, заманауи технологияларды, коммуникация құралдарын пайдалану;
- ең аз шығындар мен қоршаған ортаға әсерді ескере отырып, энергия тұтыну жүйесін қалыптастыру бойынша модельдерді әзірлеу мен басқарудың расталған дағдылары
- Жобалық менеджмент саласында, міндеттерді жоспарлау және олардың басымдығын айқындау қабілеті;;
- командада жұмыс істей білу, коммуникабельділік, ашықтық, адалдық, тапсырмаларды жедел орындау, орындалатын жұмыстың сапасын жетілдіруге ұмтылу;
- коммуникативтік дағдылар, ұйымдастырушылық қабілет, тиімді таныстыру дағдылары;
- Компания қызметінің әртүрлі салаларына жататын ақпаратты жүйелеу, талдау, қорыту және баяндау.
Осы лауазымның функционалдық міндеттері:
- модельді әзірлеуге, өзектендіруге қатысады (көміртек ізін азайтуды түгендеу және болжау бойынша есеп құралы);
- ішкі көміртек бағасын белгілеу әдіснамасын өзектендіруге, көміртек бағасын белгілеу есебінен инвестициялық жобаларды талдау әдістемесіне жауап береді;
- көміртектің ішкі корпоративтік бағасын айқындауға қатысады;
- көміртек квоталары мен офсеттердің бағаларын өзектендіру және болжау, сондай-ақ көміртектің ішкі корпоративтік бағасын түзету үшін ұлттық және халықаралық көміртек нарықтарын талдайды;
- Компанияның Төменкөміртекті даму бағдарламасының басымдықтарына сәйкес келу тұрғысынан инвестициялық қоржынды келісу үшін әлеуетті инвестициялық жобаларды ескере отырып, көміртек ізін өзгерту бойынша талдамалық анықтамалар мен болжамдарды дайындауға жауап береді, объектілерді сатып алу және қайтару, өндірістік қуаттарды кеңейту, Компанияның көміртек ізін төмендету бойынша мақсаттарды ескере отырып және Компанияның көміртек бағасын белгілеу есебінен, жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту және жаңаларын салу бойынша инвестициялық жобаларды қарауға және қорытындылар ұсынуға қатысады;
- көміртектің ағымдағы және болжамды бағаларын ескере отырып, ПГ шығарындыларын қысқарту жөніндегі шаралардың басымдығын айқындау бөлігінде ТКДБ іске асыру бойынша жоспарларды әзірлеу кезінде ЕТҰ-ға сараптамалық қолдау көрсетеді;
- ҚМГ мен "Самұрық-Қазына" АҚ-тың төменкөміртекті даму сценарийлерін модельдеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауы үшін жауап береді;
- ҚМГ компаниялар тобының көміртек ізін қалыптастыруды болжау үшін парниктік газдар шығарындылары бойынша ЕТҰ-дан ақпарат жинауға жауапты;
- Компанияның өндірістік жоспарларын талдау және модельдеу негізінде ең төменгі шығындарды ескере отырып, көміртек ізін азайту бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
- модельді жақсарту және көміртек ізі мөлшері бойынша болжамдарды жетілдіру үшін ғылыми-сарапшылық қоғамдастықпен және басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Қажетті қабілеттер
- MS PowerPoint
- Английский язык
- Деловая коммуникация
- Подготовка презентаций
- прогнозирование