Сатып алу және шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі Менеджер

"Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
213

Қаралған саны:
2937

   Конкурс туралы

- Қолданыстағы заңнамаға, Серіктестік стратегиясына және ішкі рәсімдерге сәйкес серіктестіктің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және серіктестіктің негізгі саясатын жүзеге асыру мақсатында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу процестері мен рәсімдерін ұйымдастыруды, іске асыруды жүзеге асырады

Функционалдық міндеттері:

- Әлеуетті өнім берушілермен бір көзден сатып алуды өткізу туралы шешімді қалыптастыру және келісу бойынша рәсімдерді жүргізеді;

- Тендерлік комиссияның және тендерлік құжаттаманың құрамы туралы бұйрықты қалыптастырады және бекітеді;

- Әлеуетті өнім берушілердің сұратуы бойынша ТЖҚ-ны сатып алуды жүргізу мәселелері бойынша дәлелді жауаптар мен түсіндірмелер дайындайды және ұсынады;

- ТЖҚ сатып алу рәсімдерін жүргізеді; ТЖҚ сатып алу жоспарын жоспарлайды, қалыптастырады және бақылайды;

- ТЖҚ сатып алуды өткізу туралы хабарландыру жариялайды;

- Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен (төмендетуге)сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарайды;

- Өткізілген сатып алу қорытындылары бойынша сатып алу туралы шарттарды жасасу/өзгерту бойынша орындауды, сатып алу қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

- Серіктестік қызметін Әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады (шаруашылық және тұрмыстық қажеттіліктер);

- Кіріс және шығыс хат-хабарларды бастапқы өңдеуді және тіркеуді жүзеге асырады.

Қажетті қабілеттер

  • Опыт работы по закупкам в Группе компаний "Самрук-Казына"

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр