Қашаған және Қарашығанақ (аутстаффинг) жобаларын басқару бөлімінің жетекші маманы
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Талаптар:
Білімі:
- Жоғары, техникалық және / немесе экономикалық.
- МВА/басқа лауазымының тиісті бейіні бойынша магистр дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше).
Қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі:
- мұнай-газ саласында, мұнай-газ жобаларының менеджменті мен экономикасы саласында кемінде 4 жыл.
Басқару тәжірибесі:
- Талап етілмейді
- ҚМГ ЕТҰ-ға және/немесе ірі мұнай-газ жобаларына артықшылық беріледі
- мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану технологиясы саласында;
- жобаларды ұйымдастыру, жоспарлау және басқару саласында;
- жер қойнауын пайдалану, мұнай операцияларын жүзеге асыру, қаржы-экономикалық қызмет, акционерлік қоғамдар қызметі мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы саласында;
- Қазақстан Республикасының еңбек және азаматтық заңнамасы саласында;
- экологиялық, өрт және ақпараттық қауіпсіздік саласында;
- ҚМГ тәуекелдерін басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
- сапа менеджментінің біріктірілген жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі саласында (құзырет шеңберінде);
- мүмкіндігінше мемлекеттік және ағылшын тілдерін білуі (жазбаша және ауызша).
- мұнай-газ кен орындарын игеруді жобалау дағдылары;
- сандық деректермен жұмыс істеу және оларды талдау дағдылары;
- кен орындарын игеру жағдайын, техникалық құжаттарды, қаржылық есептілікті талдау дағдылары;
- келіссөздер жүргізу, есептілік пен таныстырылымдар дайындау дағдылары;
- заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелендіру, есепке алу және жүргізу дағдылары;
- есептеуіш техника, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары;
- MS Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істеу дағдылары.
Осы лауазымның функционалдық міндеттері:
- Жобаның кен орындарын игеру жобаларының/бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті, мұнай операцияларын орындау жөніндегі жұмыстардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; Жобаның кен орындарын игерудің ағымдағы жай-күйін талдауды жүзеге асырады;
- Жобаның жылдық жұмыс бағдарламалары мен бюджеттеріне сараптама жүргізеді, жетекшілік ететін ЕТҰ-ның Бизнес-жоспарларын қарауды және келісуді, басшылық үшін есептер мен ұсынымдар дайындауды жүзеге асырады;
- Жобада мұнай операцияларын орындау тиімділігін және олардың ҚР заңнамасының және жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді;
- Жоба операторының және жетекшілік ететін ЕТҰ-ның мерзімді есептілігіне талдау жасайды, тиісті ұсынымдар дайындауды жүзеге асырады;
- ҚМГ/ЕТҰ мүдделі департаменттерімен, Жоба операторымен және ҚР мемлекеттік органдарымен Жобаның кен орындарын игеру мәселелері бойынша бірлескен жұмыс жүргізеді, жұмыс топтарына қатысады, құзыреті шеңберінде ҚМГ мүддесін білдіреді;
- ЕТҰ жетекшілік ететін шаруашылық-өндірістік қызметті бақылауды және мониторингілеуді, ҚМГ басқару органдарының (комитеттер, Басқарма, ДК) отырыстарында қарау үшін ЕТҰ қызметіне қатысты мәселелерді дайындауды жүзеге асырады;
- қазақстандық кадрларды дамыту және жергілікті қамту бойынша жоба операторы міндеттемелерінің орындалуына мониторингті, өзге де лицензиялық-келісімшарттық шарттардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
- ҚМГ басшылығы үшін, мемлекеттік органдардың сұранысы бойынша Жоба бойынша ақпарат (анықтамалар, талдамалық жазбалар, баяндамалар, таныстырылымдар) дайындауды жүзеге асырады; Департаменттің іс қағаздарын жүргізеді
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
"Жолаушылар тасымалы" АҚ Экономика және тасымалдау есептері департаментінің пайдалану көрсеткіштерін жоспарлау және талдау жөніндегі функционалдық бағыты менеджері (14 грейд)
АҚ «Пассажирские перевозки» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
12.12.2025 | 142
от 415248
"Кедентранссервис"АҚ экономика және қаржы департаментінің менеджері
АО «Кедентранссервис» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
11.12.2025 | 630
от 335756
Газ химиясы жобаларын басқарудың жетекші маманы
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
11.12.2025 | 647