Жобалау офисінің бас тау-кен инженері

«Taý-Ken Samuryq» Ulttyq tay-ken kompaniyasy» акционерлік қоғамы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
36

Қаралған саны:
2148

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Бекітілген жобалық құжаттарға сәйкес ЕҰ қызметіне бақылау және мониторинг жүргізеді;
  • Күрделі және операциялық шығындарды оңтайландыру мақсатында техникалық шешімдерге талдау жасайды;
  • EPC келісімшарттарына арналған тендерлік құжаттаманы әзірлеуге қатысады;
  • EPC келісімшарттарына тендерлерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
  • ЕҰ тау-кен жұмыстарын орта мерзімді және перспективалық жоспарлауға қатысады;
  • ЕҰ жылдық және орта мерзімді бюджеттерін қарауға қатысады;
  • Техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН), техникалық регламентті (ТР) және басқа жобалау-сметалық құжаттарды (ЖСҚ) әзірлеу үшін техникалық тапсырманы (ТТ)дайындауға және келісуге қатысады;
  • ТЭН, ТР және ЖСҚ әзірлеу кезінде қабылданатын шешімдерге талдау жүргізеді;
  • Минералдық ресурстар мен минералдық резервтерді бағалау кезінде ЕҰ-на жетекшілік етеді;
  • Тау-геологиялық зерттеулерге жетекшілік етеді;
  • Күрделі құрылыс кезеңінде тау-кен бөлігінде жобалық шешімдерге мониторинг жүргізеді;
  • Жобалық қуатқа шыққанға дейін кен орындарын ашу, дайындау және пайдалану процесінде мониторинг және бақылау жүргізеді;
  • Бағалау үшін бастапқы материалдардың жеткіліктілігін тексереді;
  • Ашық / жерасты өңдеу үшін ресурстардың рентабельділігіне бағалау жүргізеді;
  • Өндіру кестелерінің сценарийлерін әзірлейді;
  • Өндіру рентабельділігінің техникалық-экономикалық есептеулерін жүргізеді;
  • Жер қойнауын пайдаланушының материалдарын зерделейді;
  • Тау-кен жұмыстары жоспарына аудит жүргізеді және бекітілген жобаларға сәйкестігін тексереді;
  • Ағымдағы күрделі және пайдалану шығындарға, сондай-ақ болашақ шығындарға бағалау жүргізеді;
  • Аудитке сараптамалық қорытынды жасайды;
  • Қоғам жобасын іске асыру кестесін бақылау және мониторингтеу;
  • Жоба бойынша жиынтық есептілікті дайындау;
  • Үйлестіруші ретінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Қоғамның Директорлар кеңесінің/Байқау кеңесінің отырысына материалдар дайындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

Талаптар:

  • Тау-кен ісі мамандығы бойынша жоғары техникалық білім (тау-кен инженері/маркшейдер);
  • Micromine/Surpac/Datamine тау-кен геологиялық бағдарламаларында сертификаттардың болғаны жақсы;
  • Карьерде және шахтада жұмыс тәжірибесі бар кен өндіру саласында кемінде 7 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Акционерлік қоғам туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңын білу;
  • ҚР ҚМК және KazRC стандарттарын білу (минералдық ресурстар мен резервтерді бағалау стандарттары);
  • Кен орындарын, жобалау сатыларын және тау-кен жұмыстарын өндіру технологиясын бағалау білімдері мен дағдылары;
  • Қазақ, орыс және ағылшын (мүмкіндігінше, Intermediate-тен төмен емес) тілдерін білу.

Шарттар:

  • Ресми жұмысқа орналасу;
  • Толық жұмыспен қамту;
  • Медициналық сақтандыру;
  • Есепті кезеңдегі өнімділікке негізделген бонустар.

Қажетті қабілеттер

  • Горное дело
  • Surpac
  • MICROMINE
  • KazRC
  • Datamine

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман