Телекоммуникация желісі жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер
«Қазақтелеком» АҚ Тараз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Міндеттері:
- 1) Реттеуші құжаттарға сәйкес, жабдықтарға техникалық қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету; 2) Аудан орталықтарының жабдықтарын қоса алғанда DSLAM, Gpon, MSAN, МАҚ және WLL жабдықтарында жоспарлы алдын-ала сақтандыру, жөндеу, күйге және қалпына келтіру жұмыстарының уақытында және сапалы жүргізілуін ұйымдастыру; 3) SAP R/3 жүйесінің РМ (ТОРО) модулінде жұмыстардың орындалуын растау және технологиялық карталар негізінде желілік жабдықтарда жоспарлы алдын алу жұмыстарын жоспарлауды орындау; 4) Учаске жабдықтарын пайдалану, техникалық және сервистік күтім жасау мәселелері бойынша ТЖББО Техникалық пайдалану орталығының супервизорымен өзара әрекет ету; 5) Басымдылығы жағынан жоғары деңгейдегі ақаулар мен апаттар кезінде байланысты қалпына келтіру әрекетінің жедел шараларын қолдану; 6) Аудан орталығындағы және АТЖ-де орнатылғын жабдықтарды қоса алғанда, қызмет көрсету аймағы бойынша Проблемалық билеттерді өңдеу; 7) Қашықтан қатынау арқылы бұзылымды жою мүмкін болмағанда, авариялық жағдай туындаған жерге баруды ұйымдастыру (соның ішінде қала, аудан және ауылдық елді мекен), сондай-ақ ЖББО-дан (Желілерді басқарудың бірыңғай орталығы) түскен Проблемалық билеттер бойынша жабдықтардың бұзылымын жою; 8) Желі өнімділігі бойынша күнделікті, апталық, ай сайынғы есептерді талдау, және желі жұмысының сапалы болуын, талдау арқылы желі өнімділігі мәселелерін табуды және шешуді қамтамасыз ету; 9) Филиалға келіп түсетін жаңа коммутациялық жабдықты құрастыру, жайғастыру, тестілеу, пайдалануға енгізу, техникалық қолдау бойынша орындалған жұмыс актілерін жасау; 10) Телекоммуникация қызметтеріне қондыру/алмастыру/ажыратуға келген жүктелімдерді өңдеу; 11) NRI Cramer желі ресурстарын түгендеу жүйесінде деректер уақытылы енгізуін және өзекті күйде ұстауын бақылау (жабдық, линкілер, арналар); 12) Пайдаланудағы телекоммуникация жабдықтарының, цифрлық ағындарының, трактілерінің және т.б. тестілеу деректерін талдау; 13) Істен шыққан жабдықты жөндеу айналымын ұйымдастыру, ақаулық актілерін жасау, істен шыққан жабдықты ҚМҚ комплектісіне ауыстыру, жөндеуге жабдықтарды жіберу, ҚМҚ есеп жүргізу; 14) Дирекция бойынша құрылған Комиссия жұмысына, жедел мәжілістерге қатысу; 15) Қоғамның үдеріс тәртіптемелерін және басқа да реттеуші құжаттарын уақытында және дәл орындау (бөлімше қызметінің аясында); 16) Біріктірілген менеджмент жүйесінің талаптарын орындау, сәйкессіздік себептерін жою мақсатында ескертуші әрекеттерді алдын ала қабылдау және түзетуші әрекеттерді орындау; 17) Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес, бекітілген бақылау рәсімдері мен үдерістері шеңберіндегі міндеттерін орындау; 18) Материалдық жауапты тұлғалар өздеріне пайдалануға берілген қосалқы құралдарға (құрал-жабдықтар, оргтехника және басқа активтер) ұқыпты қарасын. Материалдық активтердің залалын болдырмау жөнінде шаралар қабылдасын. Белгіленген тәртіпте өзіне сеніп тапсырылған мүліктің және құндылықтардың есебін жүргізіп, олардың қозғалысы мен қалдықтары туралы белгіленген тәртіпте тауар ақша және басқа да есептерді жасап, ұсынсын. 19) Бөлімше қызметі саласында өз біліктілігін көтеру; 20) Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және жұмыс орнындағы өндірістік санитария талаптарын сақтау. Адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін туындаған жағдай, қызметкерлер мен жұмыс беруші мүліктерінің сақталуы, сондай-ақ тоқтап қалудың туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлау. Өндірісте болған әрбір жазатайым жағдай, кәсіптік ауру (улану) белгілері туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлау; 21) Жұмыста пайдаланылатын материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік құпияларға, қызметтік ақпаратқа, сондай-ақ коммерциялық және заңмен қорғалатын басқа да құпияға жататын, еңбек қызметі үдерісінде оған белгілі болған кез-келген мәліметті (оның ішінде құжаттарды) сақтау. Тікелей басшысының нұсқауын, өкімдерін және тапсырмаларын бұлжытпай орындау. Еңбек және орындаушылық тәртіптерін сақтау. 22) Біліктілік деңгейі критерийлерінің матрицасына сәйкес, жұмыстың күрделілігі мен көлемі бойынша,бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес (1 топтың күрделілік деңгейімен және 1, 2, 3 топтың жұмыс көлемімен) функционалдық міндеттерін орындайды.
Талаптар:
- тиісті мамандық бойынша жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және телекоммуникация саласында 1санаттағы инженер лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс
- 1 санатты инженер лауазымында 3 жыл жұмыс өтілінің болуы
Ұқсас вакансиялар
Главный бизнес аналитик Службы маркетинговых коммуникаций ДКБ
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
02.04.2026 | 162
Главный специалист Департамента коммерческого развития
«Ауыл Телеком» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
01.04.2026 | 932
Директор Customer Service ДКБ
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
31.03.2026 | 287