«KEGOC» АҚ Еңбекті қорғау департаментінің қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі бас маман
Лауазымдық міндеттері:
1) экологиялық менеджмент жүйесінің ішкі нормативтік құжаттамасын жаңартады, «KEGOC» АҚ қызметінің экологиялық аспектілерін сәйкестендіреді, экологиялық аспектілерге қолданылатын нормативтік талаптарды жаңартады;
2) «KEGOC»АҚ-ның қоршаған ортаны қорғау бойынша өндірістік қызметі туралы тоқсан сайынғы және жылдық есептердің бөлімдерін қалыптастырады;
3) басшылық, тараптық ұйымдар және мемлекеттік органдар үшін тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық есептерді, аналитикалық анықтамаларды, сараптамалық қорытындыларды және қоршаған ортаны қорғау бойынша басқа да ақпараттық материалдарды әзірлейді;
4) «KEGOC» АҚ қызметіне әсерін ескере отырып, Департаменттің бизнес-процестерінің тәуекелдерін сәйкестендіруге, талдауға, бағалауға және мониторингілеуге қатысады;
5) негізгі тәуекелдерді басқару бойынша іс-шараларды әзірлеуге және есептілікті қалыптастыруға қатысады.
6) SAP бағдарламасында жетекшілік ететін қызметтер бойынша қажеттілікке өтінімдерді қалыптастыруды және түзетуді жүзеге асырады, келісімшарттар (шарттар), жеткізуге тапсырыстар, түсімдер, шот-фактуралар жасайды және келісуге, сондай-ақ қаржы блогына одан әрі бекітуге жібереді;
7) жетекшілік ететін бағыт бойынша электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі бағдарламасында көрсетілетін қызметтерге шарттарды жасау, түзету және келісу бойынша жұмыс жүргізеді;
8) «ЖЭТ» филиалдарының бюджет жобаларын тексеруді және келісуді және жетекшілік ететін бағыт бойынша Бизнес-жоспардың (даму жоспарының) жобасын уақтылы дайындауды жүзеге асырады;
9) шарттардың жобаларын, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмыстар мен қызметтерге сатып алу паспорттарын, техникалық ерекшеліктерді және әрбір тендерге және шартты жүргізуге басқа да қажетті құжаттаманы әзірлейді;
10) «KEGOC» АҚ инвестициялық жобалары бойынша жобалау алдындағы және жобалау құжаттамаларының экологиялық бөлімдерін, қоршаған ортаға әсерін бағалау жобаларын қарауға қатысады;
11) қоршаған ортаны қорғау бойынша семинарлар мен оқытудың уақтылы өтуін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
12) техникалық кітапхана жүргізеді;;
13) экологиялық аспектілерге қолданылатын нормативтік талаптарды сақтау жұмыстарын ұйымдастырады;.
14) Компания Басқармасында, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінде тыңдау үшін Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі есептің «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімін әзірлейді;
15) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуді жүзеге асырады;
16) ҚР электрондық лицензиялау жүйесіндегі филиалдар үшін қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындыларына рұқсат алуға өтінім әзірлейді;
17) БМЖ ішкі аудитіне қатысады;
18) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда комиссиялар, жұмыс топтары жұмысында, халықаралық кеңестерде, семинарларда, тұсаукесерлерде «KEGOC» АҚ мүдделерін білдіреді;
19) ҚР экологиялық заңнамасын әзірлеу, жетілдіру бойынша жұмысқа қатысады;
20) «KEGOC» АҚ филиалдарына қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жұмыс жоспарларын құрастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетеді және кеңес береді;
21) атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттар шығарындыларының шығарылуын бақылауды және талдауды қамтамасыз етеді;
22) «KEGOC»АҚ-ның қоршаған ортаға теріс әсерін төмендету бойынша іс-шаралар әзірлейді.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар, білім және тәжірибе:
- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу/жаңарту дағдылары;
- Экологиялық заңнаманы қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық құжаттамасын білу;
- Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы және қадағалау органдарының талаптарын білу;
- Техникалық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу мәселелеріндегі теориялық дайындық;
- Кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этиканың басқа қағидаттарын қатаң ұстану).
Талаптар:
- Қоршаған ортаны қорғау / экология бағыты бойынша жоғары білім;
- Қоршаған ортаны қорғау саласында, электр энергетикасында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Мүмкіндігінше экология саласында қосымша дайындық сертификатының болуы;
- Қазақ, орыс тілдерін білу.
Шарттар:
- Жұмыс кестесі: 5/2, 9:00 -18:00;
- Еңбек демалысы 30 к.к.
- Жұмыс берушінің есебінен біліктілікті арттыру;
- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек.
Қажетті қабілеттер
- охрана окружающей среды
- Экология и охрана окружающей среды
- эколог
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар