"Алматытелеком" ЖЖТТ директоры
«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Филиалдың келесі бағыттарына тікелей жетекшілік жасауды жүзеге асыра отырып ЖЖТТ басқарады: телекоммуникация желілерін дамытудың техникалық саясаты және стратегиясын жасау және жүзеге асыру, желілерді жоспарлауды нөмірлеу ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру, құрылыс объектілерін жобалау және сараптау; желіні жаңғырту және дамыту жобаларын жүзеге асыру, Филиалдың телекоммуникация желілерінің және технологиялық құрылғыларының күрделі құрылысын салу және күрделі жөндеу, сол сияқты жаңа телекоммуникация технологияларын таңдау және енгізу мәселелері; филиалдың телекоммуникация желілерін және технологиялық мақсаттағы объектілерінің құрылысын салу, қайта қалпына келтіру, жеңіл-желпі және күрделі жөндеу; телекоммуникация желілерін, оның ішінде спутниктік және сымсыз байланыс жүйелерін үйлестіру және басқару; техникалық есеп жүйелерін жасау; өлшеу құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету; телекоммуникация желілерін жалпы техникалық қолдау және телекоммуникация құралдарына сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру; филиалда жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс, мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
- Технологиялық, инвестициялық және басқа филиал туралы ережеде қарастырылған, қызмет саласы қамтылған Қоғамды дамытудың жалпы тұжырымдамасын жүзеге асыру;
- Телекоммуникация желілерін дамыту, техникалық және материалдық құралдарды ұтымды және тиімді пайдалану негізінде жаңа техниканы кеңінен пайдалану;
- Қоғамда бекітілген шығын бабы бойынша бюджеттің артық жұмсалуын болдырмау;
- Белгіленген тәртіпте бекітілген тарифтер бойынша шарт негізінде деректер беру арналарын, арналарды және салынған желі құралдары мен деректер беру желілерін телекоммуникация желілері қызметтерін пайдаланушыларға беру; Мемлекеттік құпия болып табылатын қызметік ақпаратты, коммерциялық және басқа да Қоғамның заңмен қорғалатын құпияларға жататын мәліметтерін сақтау, жүргізілетін жұмыстардың құпиялылығы мен арнайы қауіпсіздік тәртібін сақтау; Абоненттерге қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін арттыру, Қоғамның корпоративтік мәдениетін нығайту;
- Заңдар мен Қоғамның ішкі нормативтік актілері талаптарын сақтай отырып тауар, жұмыс және қызмет сатып алуды жүзеге асыру;
- Тиісті пайдалану аймағында қосылу және техникалық талаптар беру мәселелері бойынша Қоғамның өкілдік берілген компанияларымен және бөгде байланыс операторларымен келісілген өзара әрекет ету;
- Жаңа техника мен технологияны, басқару мен еңбекті ұйымдастырудың прогрестік нысанын кеңінен пайдалану негізінде қолданыстағы заң талаптарына сәйкес өндірістік-қаржылық қызметті ұйымдастыру;
- Озат тәжірибе мен ғылым мен техника жетістіктерін қызмет көрсету үдерісін ұйымдастыруға енгізу есебінен телекоммуникацияық байланыс қызметіне тиімді ұсынуды жоғарылату жөнінде жұмыстар жүргізу;
- Телекоммуникация қызметі сапасы мен техникалық деңгейді барынша жоғарылату мақсатында нарық конъюнктурасы мен озат тәжірибені (отандық және шетелдік) үйрену;
- Берілген өкілеттік шегінде филиалдың мүліктік мүдделерін сот органдары мен мемлекеттік билік органдарында қорғау;
- Берілген өкілеттік шегінде шарттар жасау, келісімдер жүргізу, бөгде ұйымдармен немесе басқа заңды тұлғалармен операциялар жүргізу, өкімдік құжаттар шығару;
- Филиалдың жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныстың қажетті деңгейі, болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау жөніндегі іс-шараларды орындау;
- Өндірістік қызмет мәселелерін шешу кезінде Орталық аппараттың тиісті бөлімшелерімен келісілген өзара әрекет ету;
- Қоғам Басқармасы бекіткен қызметкерлер саны мен басқарудың ұйымдастыру құрылымына, Қоғамның ішкі нормативтік акті ережелеріне сәйкес филиалдың жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерінің штат кестесін жасау;
- Қолданыстағы телекоммуникация құрылғыларының техникалық құжаттамалары мен төлқұжаттарының сәйкес болуын, телекоммуникация желілері объектілерін жеңіл-желпі жөндеу және күрделі жөндеу және құрылысын салуға қаражаттың мақсатқа сай жұмсалуын, сол сияқты ұсынылатын телекоммуникация қызметінің белгіленген нормаларға сәйкес болуын бақылау;
Қажетті қабілеттер
- -Лидерские и управленческие навыки
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)