Оңтүстік өңірінің КҚО жол жүру қауіпсіздік инженері

«Қазақтелеком» АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
882

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қоғамның ішкі саясатында, рәсімдерінде және тәуекелдер матрицасында және бақылауларында регламенттелген ішкі бақылауларды орындау;
  • Көлік цехының көлік құралдарын және арнайы техникасын, сондай-ақ облыс қалаларында/аудандарында орналасқан көлік құралдарын және арнайы техниканы қауіпсіз пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру.
  • КҚЦ маманы келесі функцияларды жүзеге асырады: 1) қалалар/аудандардың автокөлік құралдары және арнайы техникаларды қауіпсіз пайдалануы бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады; 2) автокөлік құралдарын өрт сөндіргішпен, дәрі қорапшасымен, апаттық белгілермен, буксир тіркейтін арқанмен, бекіністік құрал-саймандармен, домкратпен жабдықтауды қамтамасыз етеді; 3) белгіленген талаптардың, қолданыстағы ережелердің, ережелер мен стандарттардың сақталуын бақылайды; 4) жол ережелерінің талаптарын жүзеге асыруға, жол-көлік оқиғаларының себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған шараларды жоспарлау; 5) автокөлік құралдары және арнайы техниканы пайдалану кезінде өндірісте жарақаттануды қысқарту бойынша алдын алу жұмыстарын ұйымдастырады; 6) КҚЦ жұмыскерлерінің жұмыс орнында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін орындауына бақылауды жүзеге асырады; 7) жұмыс кестелерін, бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, презентацияларды, сызбаларды және басқа да техникалық құжаттаманы, сондай-ақ бекітілген нысандар мен белгіленген уақытта есептелікті жасайды; 8) әкімшілік айыппұлдар бойынша жол полициясымен өзара іс-қимыл жасайды; 9) жұмыскерлердің жұмыс орнында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін орындауына бақылауды жүзеге асырады; 10) бекітілген мерзімде қойылған міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді; 11) міндеттер және уәкілеттіліктерді белгілейтін осы Лауазымдық нұқсаулыққа сәйкес өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.

Талаптар:

  • Жоғары техникалық білім.

  • 3 жылдан кем емес көлікті пайдалануды ұйымдастыру саласында еңбек өтілі болуы тиіс. 
  •  ҚР жолда жүру ережесін;
  • Барлық типті және маркалы автомобильдер, тракторлар, арнайы техникалар құрылғыларын;
  • Автомобильдер, тракторлар, арнайы аспалы құрылғыларды техникалық пайдалану ережелері;
  • Бөлшектер, тораптар, агрегаттар және аспаптарды жөндеу тәсілдері;
  • Жөндеу кезінде пайдаланылатын ұсталық және бақылау-өлшеу құралдарын белгілеуді және қолдану ережелерін;
  • Газ дәнекерлеу, білдек жабдығын белгілеу және қолдану ережелерін;
  • Электротехникалық және оқшаулағыш материалдардың негізгі түрлерін, олардың қасиеттерін және тағайындалуын;
  • Бірінші, екінші, маусымдық техникалық қызмет көрсету көлемдері және мерзімділігін;
  • Құжат айналымы және іс жүргізудің негіздерін.

Қажетті қабілеттер

  • Инженер Безопасности

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр