Басқарушылық есеп және есептілік департаменті менеджері

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
26

Қаралған саны:
1639

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Басқарушылық есепке алуды жүргізу мәселелері бойынша нормативтік, әдіснамалық және регламенттеуші құжаттарды әзірлеуді жүзеге асырады;
  • SAP жүйесінде бөлек есепке алудың бизнес-процестері бөлінісінде персоналдың жұмыс уақытын есепке алуды әдіснамалық сүйемелдеуді жүзеге асырады (анықтамалықтарды, мэппингтерді жүргізу, өзгерістердің іске асырылуын бақылау).
  • ОА филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері бойынша SAP жүйесінде бөлек есепке алудың бизнес-үрдістері бөлінісінде жұмыс уақытын есепке алу табельдерінің сапалы және уақтылы толтырылуын бақылайды.
  • SAS-та іске асырылған қоғамның бөлек есепке алу моделіне интеграциялау үшін персоналмен байланысты шығындар және бизнес-процестер, көрсетілетін қызметтер бөлінісінде еңбекті қажет ету бойынша SAP есепке алу деректерін дайындауды және тексеруді жүзеге асырады.
  • Персоналдың функционалдық бизнес-процестерге қатысуы, қоғамда жұмыс уақыты мен еңбекке ақы төлеуді есепке алудың қолданыстағы жүйелерін интеграциялау бойынша есепке алу ақпаратының сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады.
  • Персонал санының құрылымы мен серпіні, қоғам қызметінің бағыттары, филиалдар, персонал санаттары бойынша еңбекке ақы төлеу шығыстары бойынша деректерді және басқа да талдауларды қалыптастырады; қоғамның қолданыстағы есепке алу жүйелерінде Есептіліктің тиісті нысандарын еңгізу бойынша жұмысты жүргізеді.
  • Кіріс деректерін дайындауға, көрсеткіштерді есептеуді ұйымдастыруға, қоғамның бөлек есепке алу жүйесінің есептілігін қалыптастыруға қатысады.
  • Қоғам қызметінің бағыттары бойынша басқарушылық есептілікті қалыптастыру форматтарын, көрсеткіштерді есептеу әдіснамасын әзірлеуге, уақтылығы мен сапасының ағымдағы мониторингіне қатысады;
  • Қоғам басшылығы үшін басқарушылық есептілік пакетін қалыптастыруды автоматтандыруға қатысады;
  • Іс жүргізуші міндеттерін орындайды және Департамент қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді;
  • Басқарушылық есеп және есептілік департаменті қызметінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға байланысты басқа да функционалдық міндеттерді орындайды.

Талаптар:

  •  Жоғары экономикалық / қаржылық білімі.
  • Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі 3 жылдан астам.
  • Басқарушылық және қызметтік- құндық есепке алу саласындағы нормативтік-құқықтық актілер;
  • Байланыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілер және телекоммуникация қызметтерінің өзіндік құнын қалыптастырудың әдістемелік ұсынымдары;
  • Қоғамның қызметіне қатысты сапа менеджменті жүйесінің құжаттары;
  • Интеграцияланған менеджмент жүйесі (бұдан әрі – ИМЖ) саласындағы қоғамның саясаты мен мақсаттары;
  • Lotus Notes электрондық құжат айналымы;
  • Осы лауазымда жұмыс істеу үшін қажетті қолданбалы бағдарламалық өнімдер: Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint); SAP ERP, SAS ABC, SAS Enterprise Guide.
  • Құрылымдық бөлімшенің нормативтік-регламенттеуші құжаттары;
  • Мемлекеттік тілді осы лауазымға орналасу үшін қажетті көлемде игеру;
  • Бухгалтерлік және басқарушылық есеп негіздері.

Қажетті қабілеттер

  • MS PowerPoint
  • Управление персоналом
  • SAP
  • Делопроизводство
  • Электронный документооборот
  • Управленческая отчетность
  • Описание бизнес-процессов
  • Lotus Notes
  • Умение работать в условиях многозадачности

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр