Абоненттік қатынау жабдығын техникалық қолдау цехы МАҚ инженері

«Қазақтелеком» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
924

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) «Қазақтелеком» АҚ тәртіптемелерін, үдерістерін, нормативтік және регламенттеуші құжаттарын уақытында және дәл орындау (бөлімшенің қызметі саласында); 2) тікелей басшының нұсқауын, өкімін және қосымша тапсырмасын орындау. 3) еңбек және орындаушылық тәртіптерін сақтау. 4) өндірістік-техникалық оқу бойынша сабаққа қатысу және өз бетінше әдебиет оқу арқылы біліктілігін көтеру; 5) еңбек ету үдерісінде өзіне белгілі болған мемлекеттік құпияны, қызметтік ақпаратты, сондай-ақ коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпияларға жататын мәліметтерді (оның ішінде құжаттар) сақтау; 6) қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өнеркісіптік санитария қағидаларын сақтау және орындау; 7) Біріктірілген менеджмент жүйесінің талаптарын орындау, алдын алу әрекеттерін қабылдау және сәйкессіздіктер себебін жою мақсатында түзету шараларын орындау. 8) Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес бекітілген бақылау рәсімдері мен әдістері шеңберінде өз міндеттерін орындау; 9) жетекшілік ететін бөлімше қызметкерлерінің бөлімше тікелей қатысатын процестерді құжаттандыруға қатысуын қамтамасыз ету; 10) бөлімшеге бекітілген процестің жекелеген операцияларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету; 11) бөлімшеде орындалатын бақылау рәсімдерінің тиісті сапасын қамтамасыз ету; 12) принциптерді, дәлелдемелік нормаларды, ішкі құжаттардың талаптары мен ережелерін сақтау арқылы ішкі бақылау жүйесі мен үдерістерді басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне ықпал ететін бірыңғай корпоративтік мәдениетті енгізу және дамыту процестеріне қатысу және жәрдемдесу. 13) мультисервистік абоненттік қол жеткізуге арналған жабдықты (бұдан әрі – МАҚ) қосу және бөлшектеу бойынша жұмыстарды жүргізу; 14) абоненттік қолжетімділік жабдығын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қызмет көрсету мәселелері бойынша ТЖББО жетекшілерімен өзара іс-қимыл жасау; 15) абоненттік қол жеткізу жабдығын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қызмет көрсету мәселелері бойынша ТЖББО жетекшілерімен өзара іс-қимыл; 16) Мультисервистік абоненттік қатынау жабдығын қосу жұмыстарын жүргізу; 17) ТЖББО супервизорларымен абоненттік қатынау жабдығын пайдалану, техникалық және сервистік күтімге алу мәселелері бойынша бірлесіп іс-қимыл жүргізу; 18) ТЖББО супервизорларымен бірге бекітіліп берілген жабдықтарға жоспарлы, жоспардан тыс жөндеу-жұмыс күйіне келтіру, жөндеу-қалпына келтіру және жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізу; 19) ақауы бар МАҚ жабдығын оқшауландыру және қалпына келтіру; 20) басқару жүйелерінің серверлік жабдықтарына қызмет көрсету; 21) жұмыс істемейтін жабдықты жөндеуге жіберуге ақаулығы туралы актілер жасау; 22) МАҚ жабдығын басқаратын көмекші бағдарламалық өнімдердің өзектілігіне қолдау жасау; 23) серверлік басқару жүйелері жабдығын күтімге алу; 24) NRI Cramer желісі ресурстарын (жабдық, арналар) түгендеу жүйесінде іске қосу үшін ақпарат беру; 25) бекітіліп берілген учаскеде жауапты аймақта тұрған жабдықтың техникалық жай-күйін тексеру; 26) тапсырыстар мен өтініштерді уақтылы өңдеу; 27) АҚЖТҚЦ техникалық қызметкерлерімен техникалық сабақтар өткізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру; 28) кәсіби және техникалық деңгейін өздігінен және біліктілікті арттыру курстарында арттыру; 29) стансалардағы бағдарламалық жасақтаманың жұмысы нәтижесінде туындаған проблемалар туралы жедел баяндау. 30) біліктілік деңгейі критерийлерінің матрицасына сәйкес, жұмыстың күрделілігі мен көлемі бойынша,бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес

Талаптар:

техникалық есептеу және электрбайланыс және есептеуіш техника саласы бойынша жоғары білім

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр