Стандарттау жөніндегі Инженер

«БАЙКЕН-U» Қызылорда қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
930

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Техникалық құжаттаманы міндетті нормалау бақылауын, стандарттау және сертификаттау бойынша жаңа стандарттарды, техникалық шарттарды және басқа да құжаттарды әзірлеуді және қолданыстағыларын қайта қарауды, оларды ұйымға енгізуді жүзеге асырады, стандарттау әдістерімен өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша, өнімді сертификаттауды және мемлекеттік аттестаттауды өткізуді дайындау бойынша жұмыстарды жүргізеді. Стандарттау, қалыпқа келтіру және біріздендіру жөніндегі жұмыстар жоспарының жобасына енгізу үшін өнімге арналған жаңа прогрессивті стандарттарды енгізу жөніндегі және ұйымдарда әзірленетін жобаларда стандарттау мен біріздендірудің жоспарланған деңгейі жөніндегі тапсырмаларды айқындайды. Өнімнің техникалық деңгейін, өндірістің ерекшеліктерін және стандартталған және біріздендірілген бұйымдар мен олардың жекелеген элементтерін пайдалану нәтижелерін зерделейді, стандарттау және біріздендіру деңгейін бағалау бойынша бұйымдардың жобаларын сараптауға қатысады. Ұйымда қолданылатын стандарттар мен стандарттау және сертификаттау жөніндегі басқа да құжаттарды оларда келтірілген көрсеткіштер мен нормалардың ғылым мен техниканың қазіргі даму деңгейіне, ішкі нарық талаптарына, экспорттық талаптарға және тағы басқаларға сәйкестігін анықтау мақсатында жүйелі тексеруді жүзеге асырады. Стандарттар мен стандарттау жөніндегі басқа да құжаттардың өзгерістері туралы, ұйымда бекітілетін сертификатталған өнімнің техникалық құжаттамасы мен технологиялық процестеріне енгізілетін өзгерістер туралы, сондай-ақ стандарттау жөніндегі тиісті базалық (бас) ұйымға жіберілетін ұсыныстар, орталықтандырылған әзірленген ескірген стандарттарды қайта қарау немесе жою қажеттігі туралы, стандарттау нысандарын, әдістері мен жүйелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды. Стандарттар жобаларын дайындауға техникалық тапсырмалар жасайды, стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізудің экономикалық тиімділігін есептеуді жүзеге асырады. Ұйым бөлімшелерінің стандарттау жөніндегі жұмыстардың орындалуын бақылайды, оларға стандарттар мен стандарттау және сертификаттау жөніндегі басқа да құжаттарды әзірлеу және қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетеді. Сапа жүйесінің талаптарын енгізуге және сақтауға қатысады. Сапа жүйесінің құжаттарын әзірлеуге және ресімдеуге қатысады. Бөгде ұйымдардан кері қайтаруға келіп түсетін нормативтік-техникалық құжаттама жобаларына қорытындылар дайындайды. Стандарттау және сертификаттау саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың стандарттарын (ұсынымдарын) зерделейді және жүйелейді. Стандарттауды насихаттауға және стандарттарды әзірлеу және қолдану тәжірибесімен алмасуға, стандарттау және сертификаттау мәселелері бойынша көрмелер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға қатысады. Ғылыми-техникалық ақпаратты органға ұсыну үшін ұйымда әзірленген стандарттар және стандарттау мен сертификаттау жөніндегі басқа да құжаттар туралы ақпараттық материалдарды, сондай-ақ стандарттау жөніндегі жұмыстардың орындалуы туралы, оның ішінде стандарттарды енгізу және өнімдер мен қызметтерді сертификаттауды жүргізуге дайындық туралы есептерді дайындайды.

Білім:

Жоғары білім / бакалавриат. Техникалық ғылымдар және технологиялар.

Дағдылар:

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және стандарттау және сертификаттау жөніндегі әдістемелік материалдар, өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді стандарттау мен сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі, өндірісті конструкторлық дайындау жүйесі, өндірісті технологиялық дайындау жүйесі, Экономикалық қызмет түрінің стандарттары, қалыпқа келтіру бақылауын жүргізу тәртібі, стандарттау деңгейін есептеу және техникалық құжаттаманы біріздендіру, стандарттарды және стандарттау жөніндегі басқа да құжаттарды әзірлеуге техникалық тапсырмаларды жасау әдістері, стандарттарды және стандарттау жөніндегі басқа да құжаттарды әзірлеу тәртібі, Қазақстан Республикасында өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі, шығарылатын өнімнің конструктивтік деректері және оны өндіру технологиясы, стандарттарды енгізудің және өнімдер мен қызметтерді сертификаттау жөніндегі іс-шараларды жүргізудің экономикалық тиімділігін есептеу әдістемесі, стандарттау жөніндегі басқа да құжаттар, стандарттау және сертификаттау саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе, экономика негіздері, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары. Дағдысы болу керек: стандарттар жобаларын және стандарттау бойынша басқа да құжаттарды әзірлеуге техникалық тапсырмалар құрастыру. Істей алу керек: кәсіпорын бөлімшелерінің стандарттау жөніндегі жұмыстарды орындауын бақылау, оларға стандарттар мен стандарттау және сертификаттау жөніндегі басқа да құжаттарды әзірлеу және қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Қосымша:

Білетін тілдер:

Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру