Главный менеджер – руководитель проекта Департамента проектирования и строительства

Акционерлік қоғамы "Samruk- Kazyna Construction" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
33

Қаралған саны:
964

   Конкурс туралы
Білім профилі
  • жоғары техникалық/ сәулетші-құрылыс/ инженерлік білім
    Жұмыс тәжірибесі: 
  •   лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда мамандығы бойынша жұмыс өтілі (ЖОО-да оқу уақытын есепке алмағанда) 5 (бес) жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда 
Білімі мен дағдылары :
  • Лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, сондай-ақ лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер
 Негізгі міндеттері:   
  • өңірлер бойынша бөлуге сәйкес жоба бойынша қызметті басқару, сондай-ақ іс жүргізу және құжат айналымы процесін ұйымдастыру;
  • жобаның жоспар-кестесін әзірлеуге қатысу;ақпарат беру;
  • жобаны іске асыру мерзімдерінің сақталуын бақылау;
  • жоба қатысушыларының өзара әрекеттесу ережелерін орнату;
  • жоспарлау, орындау және жабу сияқты жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде жұмыс топтарын құру;
  • жобаға бекітілген қызметкерлердің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету;
  • жоба бойынша жұмыстарды орындау үшін дербес жауапкершілік;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалу кестесін, нормативтік құжаттар талаптарының сақталуын бақылау;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарының жиынтық ведомосін, жұмыстарды орындау туралы есептілікті дайындау мақсатында жинақтау ведомосін келісу;
  • объектілер бойынша орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдауға қатысу;
  • құрылыс объектісі бойынша атқарушылық құжаттаманың бар болуын бақылау және ресімделуін тексеру;
  • құрылыс барысында туындайтын жобалық шешімдердің өзгерістерін қарауға және келісуге, материалдарды, бұйымдарды, конструкцияларды ауыстыру жөніндегі мәселелерді жедел шешуге қатысу;
  • құрылыс объектілерін қабылдау және оларды пайдалануға беру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
  • Департамент қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының, мемлекеттік органдар актілерінің және өзге де құжаттардың нормалары мен талаптарын сақтау;
  • Департаменттің құзыреті шегінде қызмет мәселелері бойынша Департаменттің және/немесе Қоғамның қызметін регламенттейтін нормативтік, құқықтық, әдістемелік және анықтамалық материалдарды жетілдіру және/немесе әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау;
  • Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін Қоғам қызметі туралы Департамент құзыреті шеңберінде ақпарат дайындау және есептер қалыптастыру;
  • Департамент құзыреті шеңберінде кіріс хат-хабарларына белгіленген орындау мерзімінде жауаптар дайындау;
  • кәсіби және іскерлік біліктілікті тұрақты арттыру;
  • Департаменттің қойылған мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін қолданыстағы заңнамаға, Жалғыз акционердің нормативтік актілеріне және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр