Игеруді жоспарлау бөлімінің бастығы (Біріктіру)

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
24

Қаралған саны:
1516

   Конкурс туралы

Міндеттері:

• болашақ жобалар әлеуетінің құндылығын арттыру үшін стратегиялар мен зерттеу жоспарларын әзірлеу;
• болашақ жобалар бойынша экономикалық талдау жасауға нақты техникалық негіздеме беру үшін компания бойынша игеруді жоспарлау жұмыстарын біріктіруге жауапты болу;
• жұмыс бағдарламасы мен бюджет әзірлеу жұмыстарын үйлестіру;
• таңдалған ықтимал жобаларды бақылау, игеру бойынша зерттеу жүргізу арқылы тұжырымдамалық 
идеяны қабылдауды немесе игерудің кейінгі кезеңіне қатысты мүмкіндікті негіздеу;
• игеру бойынша кешенді зерттеулерді техникалық мамандар үшін арнайы жоспарларға бөлуге қабілетті болу; 
• игеруді жоспарлау жөніндегі менеджер арқылы және компаниядағы қажетті бөлімдермен қарым-қатынас жасай отырып, зерттеу жұмыстарының кестелері бойынша басымдықтарды белгілеу және басқару;
• бөлім қызметкерлерін тұжырымдаманы зерттеу сценарийлерін тексеруге, сынау мен кеңейтуге, креативті ойлауға, жобалар арасындағы әрекеттестікті нығайтуға және креативті тұжырымдаманы қалыптастыруға жетелеу;
• зерттеу нәтижелерінің нақты және сапалы болуын қамтамасыз ету, зерттеу нәтижелерінің сапасын тексеруге жауапкершілік атқару;
• бөлім мақсаттарына қол жеткізуге қажет болатын кадрлар ресурстарын анықтау және игеруді жоспарлау 
және зерттеу жөніндегі менеджермен бірге кадрлар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған жұмыстарды орындау;
• қызметкерлердің мансаптарын өсіру және жетекшілік дағдыларын жетілдіру мақсатында оларға тәлімгерлік ету;
• бөлім тапсырмаларының орындалуын және жұмыстардың бірқалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Акционерлердің консультациялық комитетімен және ҚР өкілетті органдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу.
• бөлім персоналының қызметтерін, міндеттері мен жауапкершіліктерін белгілеу;
• басшылықтың сұрауы бойынша зерттеу қорытындыларын әзірлеу, ұсыну және жаңарту; 

Талаптар:

• инженерлік жобалау немесе геологиялық-геофизикалық зерттеу саласы бойынша бакалавр немесе ғылым магистрі дәрежесі немесе соған іспеттес білім дәрежесі;
• мұнай-газ компаниясында істеген кемінде 8-10 жыл жұмыс тәжірибесі, кен орнын жайластыру және/ немесе геологиялық іздеулер саласымен байланысты бір немесе екі сала бойынша білімі, сондай-ақ көп салалы топ құрамында жұмыс істеу және сондай топтарға жетекшілік еткен тәжірибесі;
• бұдан бұрын ҚР аумағындағы жобаларда және/немесе Каспий теңізімен байланысты басқа да жобаларда жұмыс істеген тәжірибесі болғаны лазым және үміткердің іріктеуден өтуі үшін басты критерий болып табылады;
• өнім өндіру және геологиялық барлаудың түрлі тұстарын, әсіресе көмірсутегі нысандарына қатысты игеруді жоспарлау процесін жақсы білу;
• жобаны аяқтауды, соның ішінде жоспарлау, бюджет құру, ресурс бөлу, есеп беру, негізгі кезеңдерді орындау, бекіту және жобаны тапсыру кезеңдерін жақсы білу;
• қызметкерлерге тағайындау мақсатында күрделі техникалық / коммерциялық мәселелерді айқындау және оларды бөлу, сондай-ақ бір мезгілде түрлі тапсырма бойынша жұмыс істеу қабілеті;
• күнделікті бақылаусыз, өздігінен жұмыс істеу қабілеті;
• бөлім жұмысының бірқалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында жоғары басшылықпен, акционерлермен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасау дағдылары. 

Шарттар:

  • 5/2
  • Атырау қаласына іс-сапар

Қажетті білім дәрежесі

  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)