Мұнай өңдеу және мұнай-химия департаменті Техникалық даму басқармасы Техникалық реттеу, стандарттау және метрологияны дамыту секторының Техникалық реттеу, стандарттау және метрологияны дамыту секторының жетекші маманы (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
50

Қаралған саны:
593

   Конкурс туралы

Талаптар:

Білімі:

  • Химия және мұнай-газ саласындағы және/немесе стандарттау саласындағы жоғары техникалық білім. бейіні бойынша магистр дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Мұнай өңдеу және мұнай- химия саласында кемінде 4 жыл.

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:

  • Мемлекеттік тілді жазбаша және ауызша білу

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Стандарттау туралы», «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заңнамасы саласында;
  • Мұнай, газ өңдеу және мұнай-химия өндірістік процестерін ұйымдастыру саласында;
  • Стандарттау және сертификаттау мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік материалдар, стандарттарды және стандарттау және сертификаттау жөніндегі басқа да құжаттарды әзірлеуге арналған техникалық тапсырмаларды жасау тәртібі;
  • Мұнай, газ өңдеу саласындағы нормативтік құжаттар, мұнай өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар;
  • Стандарттар мен техникалық шарттарды, техникалық құжаттаманы стандарттау, сертификаттау және біріздендіру жөніндегі басқа да құжаттарды әзірлеу, ресімдеу, бекіту және енгізу тәртібі;
  • Мемлекеттік  тілді (жазбаша және ауызша) білу;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
  • Интеграцияланған сапа менеджменті жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін, тұрақты дамуды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары;
  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,құжаттаманы жүйелеу, есепке алу, жүргізу дағдылары;
  • Күрделі жағдайларда басқару, көшбасшылық, шешім қабылдау дағдылары;
  • Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істеу дағдылары;
  • Келіссөздер, презентациялар жүргізу дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • Стандарттау және сертификаттау жөніндегі жаңа стандарттарды, техникалық шарттарды әзірлеу және қолданыстағы стандарттарды қайта қарау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  • Мұнай-химия саласындағы жаңа стандарттарды енгізу және аккредиттеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  • Халықаралық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында іс-шаралардың орындалуын мониторингілеу және экономикалық тиімділікті талдау арқылы «ҚР МӨЗ технологиялық қажеттіліктеріне отын шығыны мен көлемін оңтайландыру бағдарламасын» іске асыруға қатысады;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ функционалдық-атқарушылық жұмыс процестерін автоматтандыру» ҚМГ жобасы шеңберінде нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай кодталған анықтамалығын әзірлеуге қатысады;
  • ҚР МӨЗ үшін нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады;
  • ҚР МӨЗ-де кешенді технологиялық аудит жүргізуге қатысады, ҮҚТ анықтамалықтарының редакцияларын қарайды, ҚМГ Техникалық комитеттері мен ҒТК қарауына шығарады, ҚОҚ шығарындыларының төмендеуіне мониторинг жүргізеді;
  • Департамент құзыреті шеңберінде өзге де тапсырмаларды орындайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр