Комплаенс-бақылау қызметі бас менеджері

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
59

Қаралған саны:
1538

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) бастамашылық ақпараттандыру желісі немесе өзге де байланыс арналары арқылы келіп түскен шағымдар мен хабарламаларды өңдеу. Қызметтің құзыреті шегінде комплаенс мәселелері бойынша келіп түскен шағымдар мен хабарламаларға жедел әрекет етуді қамтамасыз ету;
    2) келесі жағдайларда тергеу жүргізу:
    • бастамашылық ақпараттандыру желісіне комплаенс мәселелері бойынша шағымдар мен хабарламалардың түсуі;
    • үшінші тұлғалардан жазбаша түрде шағымдардың келіп түсуі;
    • ішкі аудит қызметінің немесе өзге де уәкілетті органдардың анықтаулары;
    • үшінші тұлғалардың сенімділігін, БАҚ-тағы ақпаратты және т. б. тексеру нәтижесінде табылғандар.
    3) комплаенс-бақылау мәселелері бойынша тергеп-тексеруді аяқтау нәтижелері бойынша қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз ету.
    4) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ, Қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша комплаенс-бақылау саласындағы әлеуетті бұзушылықтарға тексеру жүргізу үшін жұмыс топтарына қатысу;
    5) бұзушылықтарды жою және Қоғамның бизнес-процестерін өзгерту жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
    6) Қоғам қызметкерлері мен басшылығы үшін комплаенс мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру және өткізу. Ақпаратты ашу, мүдделер қақтығысын шешу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және т. б. мәселелер бойынша реттеушілік талаптарды сақтау бөлігінде Қоғам қызметкерлері мен басшылығын оқыту және кеңес беру.;
    7) Қоғамның бизнес-процестерін, Қоғамның ұйымдық құрылымын және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің функцияларын ескере отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларында комплаенс функциясының Корпоративтік стандартында көзделген басқа да функцияларды орындау;
    8) бастамашылық ақпараттандыру желісінің жұмысы туралы Қоғам қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру мақсатында тиімді коммуникация жүйесін қамтамасыз ету;
    9) қойылған мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді тұрақты бағалауды және өзгеретін мән-жайлар мен жағдайларға қатысты әрекет етуді жүзеге асыру;
    10) өз міндеттерін тиімді орындау, кәсіби және іскерлік этиканың барлық нормаларын («Қазпошта» АҚ Іскерлік этика Кодексі және қоғамның басқа да ІНҚ талаптарын) сақтау, кез келген операциялық проблемаларды, кәсіби этиканы сақтамау жағдайларын немесе басқа да рәсімдерді бұзу немесе теріс пайдалану жағдайларын басшылықтың назарына жеткізу;
    11) операциялық тиімділікті арттыру, көрсетілетін қызметтердің, оның ішінде ақпарат пен есептіліктің сапасын жақсарту, корпоративтік мәдениет пен этика стандарттарын жақсарту, ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету, тәуекелдерді төмендету, ішкі бақылау жүйесін тиісінше қамтамасыз ету;
    12) автоматтандыру жобаларына және өзге де жобаларға қатысу;
    13) оқыту іс-шараларын әзірлеуге қатысу;
    14) Қоғамның стратегиялық даму жоспарларын әзірлеуге және Қызмет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс топтарына, комиссияларға қатысу;
    15) Есептердің бекітілген үлгілерінің сақталуын қамтамасыз ету, Қоғам Басқармасының/Директорлар кеңесінің қарауына толық, дұрыс және сапалы ақпаратты уақтылы ұсыну;
    16) реттеуші органдардың, бөгде ұйымдардың қызметкерлеріне, клиенттерге жеткізу мақсатында Қоғамның ішкі және сыртқы интернет ресурсын Қызмет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратпен толықтыруды қамтамасыз ету

Талаптар:

  • Жоғары (Құқықтық және / немесе экономикалық)
  • 3 жылдан кем емес, Филиалдық желісі бар/еншілес ұйымдары бар компанияларда жұмыс тәжірибесінің болуы мүмкіндігінше
  • Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру.

Шарттар:

  • күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

Қажетті қабілеттер

  • Проведение комплаенс проверок и расследований;