Заң департаменті кінәраттық-талап қою жұмысы бөлімінің жетекші заң кеңесшісі

от 266000 KZT
"KEGOC" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
29

Қаралған саны:
1546

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

1) «KEGOC» АҚ беретін сенімхаттарды ресімдейді;
2) хабарламаларды кінәраттық-талап қою жұмысын басқару стандартына сәйкес ресімдейді;
) Заң департаментінде іс қағаздарын жүргізеді, кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеу журналдарын жүргізеді, істер номенклатурасын дайындайды және Заң департаментінің құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
4) Заң департаментіне кіріс хат-хабарларды уақтылы жеткізуді және шығыс хат-хабарларды жіберуді жүзеге асырады;
5) Заң департаментіне құқықтық сараптамаға келіп түсетін құжаттардың өтуін күн сайын мониторингілеуді жүзеге асырады;
6) Заң департаментінің құжаттарын факсимильдік байланыс және электрондық почта, сонымен қатар «Lotus Notes» электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қабылдайды және жөнелтеді;
7) бақылаудағы құжаттардың орындалуын мониторингілеуді жүзеге асырады, сонымен қатар бақылаудағы құжаттардың орындалуы бойынша есепті Заң департаментінің директорына ұсынады;
8) Заң департаментінде құқықтық сараптамадан өткен шарттарды Атқарушы дирекцияның жауапты бөлімшелеріне уақытында ұсына отырып, «KEGOC» АҚ басшылығына қол қоюға беру үшін ресімдейді;
9) «KEGOC» АҚ құжаттарын нотариалдық ресімдеуді қамтамасыз етеді;
10) Директордың Заң департаментінің құзыреті шегіндегі өзге де тапсырмаларын орындайды;
11) сотта құқықтық сүйемелдейді;
12) мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың сұратуларына құқықтық мәселелер бойынша жауаптар дайындайды;
13) Заң департаменті бойынша жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді және SAP жүйесіне ақпарат енгізуді жүзеге асырады;
14) Заң департаменті қызметкерлерінің іссапар шығыстары бойынша ақпаратты SAP жүйесіне енгізуді жүзеге асырады».

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар, білім және тәжірибе:

  • Негізгі заңнамалық актілерді білу, оларды түсіндіру және тәжірибеде   

 қолдана білу.

  • Құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау.
  • Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттыру, заңнаманы және оны қолдану тәжірибесін зерттеу.
  • Жеке еңбекті ұйымдастыру және жұмыс уақытын жоспарлау.
  • Коммуникация құралдарын меңгеру.
  • Ақпаратпен және құжаттармен жұмыс істеудің заманауи құралдарын, әдістері мен технологияларын меңгеру.
  • Электрондық құжат айналымы жүйесінде жұмыс істеу дағдылары (IBM Lotus Notes).

Талаптар: 

  • Құқық/Құқықтану бағыты бойынша жоғары білім;
  • жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды;
  • SAP HCM пайдалану дағдысы болуы;
  • MS office тәжірибелі қолданушысы;
  • Орыс, қазақ тілдерін білуі;
  • қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттары болғаны дұрыс. 

Қажетті қабілеттер

  • Юриспруденция
  • юрисконсульт