Data Analyst , Алматы қ.
«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Қолданыстағы бизнес-процесстер мен рәсімдерді (ақпаратты жинау, бизнес-процесстердің сипаттамасы мен моделі; бизнес-процесстердің блок-схемаларын өзектендіру; бизнес-процесстерді тәртіптемелеу және жүйе деңгейінде бизнес-операцияларды реттеу; қажетті анықтамаларды жүргізу; бизнес -процесстердің тәртіптемелерін алып жүру)
- Қолданыстағы есептілікке түгендеу жүргізуге қатысу және есептіліктің бірыңғай базасын құру;
- Есептерге тұрақты оңтайландыру жүргізуге қатысу;
- BI секторының сараптамасынан кейін басқа құрылымдық бөлімшелер үшін тұрақты есептерді әзірлеу және қалыптастыру;
- Web Intelligence Rich Client, SAS Visual Analytics, SAS Enterprise Guide бағдарламалық қосымшалары арқылы есептерді құру;
- Қызметтер бойынша деректерді дайындау, деректердің дұрыстығын тексеру және растау;
- Ағымдағы операциялық қызметтерді және көлем мен кірістердің жоспарлы көрсеткішін орындауға шұғыл мониторингті қамтамасыз ету үшін жергілікті есеп беру нысанын әзірлеу;
- Бастапқы есептік деректерге талдау жасау және тұрақты негізде аналитикалық анықтамалар мен материалдарды дайындау
Талаптар:
- Телекоммуникация саласында клиенттермен жұмыс тәжірибесінің болуы қажет
- Осы лауазымда жұмыс істеу үшін қажетті қолданбалы компьютерлік бағдарламалар және бағдарламалық кешендер: Oracle SQL / PL SQL, SAS Visual Analytics, Python(қалауы бойыша) SAS Enterprise Guide, Power BI топтама;
- Microsoft Office (Word, Excel, Power Point, Internet Explorer, Outlook), жұмыста қолданылатын Lotus Notes электронды құжат айналымы және басқа да бағдарламалық өнімдер;
- Телекоммуникациялар, сату және қызмет көрсетуді дамыту, жобаларды іске қосу, жаңа өнімдерді енгізу, маркетингтік талдау саласындағы білім мен тәжірибеге негізделген сараптамалық тәжірибе мен аналитикалық ойлауға ие болу.
Шарттары:
- ҚР ең ірі телекоммуникациялық компаниясында жұмыс істеу
- ҚР ЕК-не сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
- Уақытылы жалақы
- Компания есебінен оқыту;
- Мансап сатысымен көтерілу мүмкіндігі.
- Жақсы әлеуметтік пакет;
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр