Бу-газ турбиналық жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарі

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
1095

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • негізгі және қосалқы жабдықтардың: бу және газ турбиналарының, бу машиналарының, компрессорлардың, сорғылардың, жылытқыштардың, май салқындатқыштардың, құбырлардың, жылу алмасу аппараттарының күрделі тораптарын, бөлшектері мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, реконструкциялау, құрастыру, реттеу, сынау және баптау;
  • әр түрлі параметрлердегі арматураны қалпына келтіріп жөндеу;
    жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің күрделі тораптарын жөндеу, қалпына келтіру, құрастыру, жөндеуден кейін Реттеу, сынау, баптау және пайдалануға беру;
  • бөлшектерді 6-7 квалитет (дәлдіктің 1-2 сыныбы) бойынша қиыстыра және жетілдіре отырып слесарлық өңдеу;
  • жабдық пен арматураның жекелеген тораптары мен бөлшектерінің ақауларын анықтау, тозу себептері мен дәрежесін анықтау;
  • бөлшектердің одан әрі жұмысқа жарамдылығын, оларды қалпына келтіру мүмкіндігін анықтау;
  • аса күрделі бөлшектерді белгілеу;
  • негізгі және қосалқы жабдықты жөндеуден кейін тексеру және оны пайдалануға тапсыру;
  • жабдықтың күрделі және жауапты тораптары мен механизмдерін көлденең және тік жылжыту, құрастыру, бөлшектеу және орнату бойынша такелаж жұмыстарын орындау.

Талаптар:

Білуге тиіс:
  • бу-газ турбиналық жабдықтың күрделі бөлшектері мен тораптарын бөлшектеуге, жөндеуге, құрастыруға, сынауға, реттеуге, дайындауға арналған техникалық шарттар;
  • роторлардың статикалық және динамикалық теңгеру тәртібі;
  • қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларға қойылатын негізгі талаптар;
  • турбоагрегаттың жекелеген элементтері мен бөлшектерінің тозу нормативтері;
  • фланецті қосылыстарға, арматурадағы нығыздаушы беттерге, қысыммен жұмыс істейтін құбырларға, күрделі жүк көтергіш машиналарға, механизмдерге және жүк қармау аспаптарына қойылатын талаптар;
  • редукторларды құрастыру және орталықтандыру ерекшеліктері;
    турбоагрегат элементтері мен бөлшектерінің мерзімінен бұрын тозуының алдын алу жөніндегі шаралар;
  • такелаж жұмыстарын жүргізу тәртібі;
  • ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру