Жетекші маман

ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
36

Қаралған саны:
1236

   Конкурс туралы
Білімі:
  • Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе арнайы орта) білім.
  • Гуманитарлық.
Міндеттері:
  • Серіктестік қызметі бойынша кіріс, шығыс құжаттарының, ұйымдастырушылық-өкімдік және өзге де құжаттардың түпнұсқалардың лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнына толық сәйкес келуін, пайдаланылатын ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қатысты белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік, орыс тілдеріне аударылуын жүзеге асыру;
  •  электрондық құжат айналымы жүйесінде (бұдан әрі – ЭҚЖ)ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды (бұйрықтар, өкімдер) жүргізу, өңдеу және есепке алу; ;
  • электрондық құжат айналымы жүйесінде (бұдан әрі – ЭҚЖ) кіріс және шығыс хат-хабарларды жүргізу, өңдеу және есепке алу;
  • ағымдағы іс жүргізу жылының құжаттарын жүйелеу және сақтау;
  • құжаттардың өтуін жедел есепке алуды жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
  • хат-хабары бар конверттерді ашу, ЭҚЖ-да тіркеуге жатпайтын құжаттарды есепке алу және серіктестіктің құрылымдық бөлімшелеріне беру;
  • Бөлім қызметін жоспарлауға, ұйымдастыруға және жетілдіруге қатысу, іс жүргізу жағдайына бақылауды жүзеге асыру;
  • Құжаттамалық қамтамасыз ету және құжаттарды басқару саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу және қорыту;
  • бекітілген істер номенклатурасына сәйкес Бөлім құжаттарын іріктеуді, қалыптастыруды және сақтауды қамтамасыз ету, белгіленген мерзімде серіктестік мұрағатына тапсыру;
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, Серіктестік Жарғысының, бөлім Ережесінің және серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттардың талаптарын орындау; ;
  • бөлім қызметіне байланысты басшылықтың тапсырмаларын орындау;
  • бөлім туралы ережеге сәйкес Бөлімнің өзге де функцияларын орындауды қамтамасыз ету;
  • өз құзыреті шегінде тікелей басшының өзге де тапсырмаларын орындау;
  • серіктестіктің Басқарма Төрағасы қатысатын кеңестерге материалдар дайындау және ұйымдастыру;
  • SAP жүйесінде Бөлімнің жұмыс уақытын есепке алу табелін ресімдеу және бекіту;
  • серіктестіктің құрылымдық бөлімшелеріне ЭҚЖ-да құжаттардың дұрыс ресімделуіне әдістемелік-консультациялық көмек көрсету;
  • кәсіпорында қолданылатын нұсқаулықтарда көзделген ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, газ және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарды сақтау.

Талаптар:

Бөлімнің жетекші маманы білуі керек:

  • мемлекеттік және шет тілдері;
  • мәтіндерді, ғылыми-техникалық және басқа да арнайы құжатталған ақпаратты ауызша және жазбаша аудару әдістері;
  •  Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ұйымда іс жүргізу жөніндегі әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды қамтиды;
  • іс жүргізу және электрондық құжат айналымы жүйесінің негізгі ережелері;
  • серіктестіктің және оның бөлімшелерінің құрылымы;
  •  ішкі еңбек тәртібі, өндірістік санитария қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтуға тиіс.

Шарттар:

  • Аутстаффинг

Қажетті қабілеттер

  • СЭД
  • Делопроизводство
  • Электронный документооборот
  • переводчик
  • Организация движения и учета документов
  • Организация хранения документации