Қамтамасыз ету және қорлар департаменті материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бас менеджері
Лауазымдық міндеттері:
1) Бөлімнің барлық қызметіне жетекшілік етеді, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін айқындайды, олардың өз міндеттерін табысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды, Департаментті басқару құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды және бөлімнің жұмысын ұйымдастырады;
2) Бөлімнің басқару құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
3) Материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері бойынша Бөлімнің жұмысына жетекшілік етеді және үйлестіреді;
4) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім мамандары орындауға міндетті нұсқауларды бақылайды және олардың орындалуын тексереді;
5) Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «KEGOC» АҚ мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіреді;
6) «KEGOC» АҚ және жеткізушілер арасындағы шарттардың талаптарын орындау бойынша даулы мәселелерді қарауға қатысады;
7) Бөлімнің өндірістік қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
8) «KEGOC» АҚ филиалдарының Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «КЕGОС» АҚ басшылығының тапсырмаларын орындауын бақылауды қамтамасыз етеді;
9) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «KEGOC» АҚ филиалдары мен АД құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсетеді;
10) филиалдар арасында жүктердің қозғалысы бойынша шығыстарды жоспарлау бойынша бақылауды жүзеге асырады;
11) «KEGOC» АҚ Басқармасының, БМЖ жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстарына, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға материалдар дайындайды;
12) осы лауазымдық нұсқаулықта жүктелген негізгі міндеттерге сүйене отырып, өзге де функцияларды орындайды;
13) Тәуекел-менеджмент жүйесін ендіру және жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру бойынша жоспарларды, бағдарламаларды орындауға қатысады;
14) «KEGOC» АҚ қызметіне әсерін ескере отырып, Департаменттің бизнес-процестерінің тәуекелдерін сәйкестендіруге, талдауға, бағалауға және мониторингілеуге қатысады;
15) негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
16) негізгі тәуекелдерді басқару бойынша Жоспарларды, Бағдарламаларды орындауға қатысады;
17) тәуекелдердің жай-күйін мониторингілеуді жүзеге асырады және іске асырылған тәуекелдер туралы уақтылы хабардар етеді;
18) негізгі тәуекелдерді басқару бойынша есептемені жасайды;
19) Тәуекелдерді басқару және корпоративтік даму департаментімен байланысты барлық мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
20) Р СУР KEGOC 00-200-14-СД «KEGOC» АҚ тәуекелдерді басқару жүйесінің нұсқаулығына сәйкес Тәуекелдерді үйлестірушінің функцияларын орындайды.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар, білім және тәжірибе:
- Аналитикалық дағдылар (талдау, нақтылау және жалпылау);
- Компанияның қызмет саласына байланысты бейіндік нарықты білу;
- Компания қызметінің логистикалық аспектілерін білу (сатып алу, қорлар, жинақтау, тасымалдау, кедендік ресімдеу, сақтандыру, бөлу, ақпараттық және қаржылық ағындар);
- Кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң ұстану).
Талаптар:
- Электр энергетикасы/ экономика / құқықтану бағыты бойынша жоғары білім;
- Материалдық-техникалық қамтамасыз ету, талдау, логистика, мониторинг және сатып алу саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны дұрыс;
- MS office тәжірибелі пайдаланушысы;
- Интернет ресурстарын пайдалану;
- Қазақ, орыс тілдерін білу.
Түйіндемені қабылдау 2022 жылғы 25 шілдеге дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Қажетті қабілеттер
- Материально-техническое обеспечение
- Материально-техническое снабжение
- закупки
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)