Бизнес-жаттықтырушының, Актөбн қ.

«Қазақтелеком» АҚ Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
535

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Ішкі құжаттардың қағидаттарын, дәлелдеу нормаларын, талаптары мен ережелерін сақтау арқылы ішкі бақылау жүйесінің және процестік басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне ықпал ететін бірыңғай корпоративтік мәдениетті енгізу және дамыту процестеріне қатысу және жәрдем көрсету;
  • В2С (сервистік бөлімшелер) сату бөлімшелерінің қызметкерлерін сатудың қазіргі заманғы техникасына, телекоммуникация қызметтерін ұсыну технологиясына, нормативтік-регламенттеуші құжаттарға топтық және жеке оқытуды жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • байланыс дағдыларын дамыту, клиентпен келіссөздердің тиімділігі, телефон арқылы сөйлесу, қақтығыстарды басқару, жеке сату, эмоционалды құзыреттілік, презентациялар бойынша тренингтер ұйымдастыру және өткізу;
  • оқыту бағдарламаларын түзету және жаңарту мақсатында тренинг нәтижелері бойынша кері байланысқа жүйелі талдау жүргізу;
  • қызметкерлерді оқытуға қажеттілікті анықтау және оқыту жоспарын құру;
  • мамандарды, ҚБ басшыларын оқытудың тиімділігіне талдау жүргізу; 
  • жұмыс тиімділігін арттыру үшін құрылымдық бөлімшелердің басшыларына оқыту, қамқорлықтағылардың жұмыс орындарындағы жұмысын қадағалау нәтижелері бойынша ұсынымдар беру;
  • тестілеуді өткізу үшін тест сұрақтарын дайындау;
  • зерделенген материалды меңгеру деңгейін анықтау үшін қызметкерлерді кіру және шығу тестілеуін жүзеге асыру; 
  • демо-нүктелерде презентациялар немесе қызметтерді көрсетудің дұрыстығын тексеру (қызметті білу және оны көрсету мүмкіндігі); 
  • жаңадан келгендерді бейімдеу: жаңадан келгендерді қоғамда әзірленген оқу-әдістемелік материалдар бойынша Бейімделу бағдарламасы аясында клиенттермен өзара әрекеттесу кезінде мінез-құлық нормалары мен ережелеріне үйрету; 
  • «KT Cloud Lab» қызметкерлері мен дилерлерді: сату техникасын, «Қазақтелеком» АҚ қызметтерін оқыту;
  • Қызметкерлердің қызметін тексеру және консультациялық көмекті жүзеге асыру мақсатында аудандарға барып сату учаскелерімен тікелей жұмыс жүргізу; 
  • телекоммуникация қызметтері бойынша сөйлеу құрылымдарын әзірлеу; 
  • оқыту үшін қосымша материалдар мен презентациялар әзірлеу; 16) Білім Базасын жүргізу; 
  • белгіленген нысандағы есептілікті және басқа да қажетті ақпаратты дайындау және тікелей басшыға ұсыну;
  • Қоғамның нормативтік-регламенттеуші құжаттарының талаптарын уақтылы және дәл орындау (бөлімше қызметі саласында);
  • тікелей басшының нұсқауларын, өкімдерін және қосымша тапсырмаларын орындау;
  • Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;
  • өндірістік-техникалық оқу сабақтарына қатысу және әдебиетті өз бетінше оқу арқылы біліктілігін арттыру;
  • еңбек қызметі процесінде белгілі болған кез келген мемлекеттік құпияларға, қызметтік ақпаратқа, сондай-ақ коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді (оның ішінде құжаттарды) сақтауға;

Талаптар:

  • Біліктілік талаптары: бизнес-тренердің жоғары білімі және телекоммуникация саласында немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек.
  • Осы лауазымда жұмыс істеуге қажетті қолданбалы компьютерлік бағдарламалар (ASR «BiTTL», Microsoft Office (Word, Excel);
  • Оқытудың заманауи және тиімді әдістері;
  • Коммуникация және сату дағдылары;
  • Кері байланыс дағдылары.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр