Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл департаментінің директоры

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
62

Қаралған саны:
1675

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • МОӨД жүктелген функцияларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында оның қызметіне жалпы басшылық жасау;
  • Есепті кезеңдегі МОӨД жұмыс жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • Қоғамның мүдделерін қорғау және ілгерілету мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, «Самұрық-Қазына» АҚ, Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктерімен, халықаралық ұйымдармен (бұдан әрі – Стейкхолдерлер) тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
  • Қоғам қызметіне реттеушілік жүктемені азайту бойынша шаралар қабылдау;
  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне халықаралық және республикалық маңызы бар іс-шараларды дайындау мен өткізуде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауына жәрдемдесу;
  • Өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы Өңірлік достастықпен, Халықаралық электр байланысы одағымен, басқа да халықаралық ұйымдармен және шетелдік компаниялармен өзара іс-қимыл жасау;
  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне, филиалдарына, еншілес және тәуелді ұйымдарына Стейкхолдерлермен өзара әрекеттесуде көмек көрсету;
  • Жұмыс топтарының, комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ МОӨД құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістерге қатысу;
  • МОӨД жұмыскерлері арасында тапсырмаларды бөлу және олардың уақытында орындалуын бақылау;
  • МОӨД қызметіне қатысты ішкі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және енгізуге қатысу;
  • МОӨД құзыретіне кіретін белгіленген мерзімдерге сәйкес есептерді, ақпаратты және т.б. дайындауды ұйымдастыру;
  • Орындаушылық және еңбек тәртібін бақылау;
  • Корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесінің бекітілген рәсімдерін, тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру;
  • Тәуекелдерді уақытында анықтау және бағалау, тәуекелдерді басқару бойынша ұсыныстарды және Қаржылық бақылау департаментінен сұратылатын есептерді ұсыну;
  • Жыл сайын немесе жаңа тәуекелдер анықталған жағдайда Тәуекелдер тізілімін қайта қарау, жаңарту және толықтыру;
  • Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін енгізуді қолдау және департамент ішінде тәуекелдерді басқару мәдениетін арттыру арқылы тәуекелдер бойынша коммуникацияларды дамытуға жәрдемдесу;
  • Тәуекелдерді басқару жөніндегі жұмыс топтары шеңберінде МОӨД басқа бөлімшелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. 

Талаптар:

  • Білімі жоғары техникалық, заңгерлік, экономикалық.
  • Ұқсас лауазымдағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан бастап.
  • Телекоммуникация саласындағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің негіздері;
  • Байланыс желілерінің негізгі технологияларын білу;
  • Жаңа қызметтерді енгізу саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе;
    Біріктірілген менеджмент жүйесінің құжаттары;
  • Осы лауазымға орналасу үшін қажетті көлемде мемлекеттік тіл;
  • Электрондық құжат айналымы Lotus Notes;

Қажетті қабілеттер

  • Директор Департамента по взаимодействию с государственными органами

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр