Брокерлік бөлімнің бас менеджер

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
797

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) IPO жазылу қызметін тестілеу;
    2) IPO-ға жазылу туралы бұрын берілген өтінімге өзгерістер енгізу және/немесе күшін жою процесін енгізу және тестілеу;
    3) IPO жазылу туралы есеп үлгісін әзірлеу және тестілеу;
    4) Тараптар арасындағы сәтті тестілеу туралы хаттамаға қол қою;
    5) Жоба бойынша  пысықтаулардың өндірістік ортаға уақтылы және сәтті ауыстырылуын бақылау;
    6) IPO-ға жазылу, IPO-ға өтінімдердің күшін жою/өзгерістер енгізу және есептілік бойынша объектілерді өндірістік ортаға дұрыс ауыстырылуын тексеру;
    7) Нұсқамалық материалдарды және жобаны іске қосу туралы бұйрық дайындау;
    8) «Қазпошта» филиалдарының қызметкерлерін оқыту, соның ішінде AIX қатысуымен оқыту өткізу;
    9) Клиенттерге кеңес беру үшін Байланыс орталығының қызметкерлеріне арналған материалдар дайындау;
    10) IPO жүргізу кезінде жобаны сүйемелдеу, атап айтқанда:
    - пошта байланысы  бөлімшелерінің қызметкерлеріне қызмет көрсету тәртібін түсіндіру;
    - қызмет көрсету кезінде сұрақтар және/немесе техникалық ақаулар туындаған жағдайда Қазпошта филиалдарының клиенттері мен қызметкерлерінің мәселелерінің жедел шешілуін қамтамасыз ету;
    - қызмет көрсету процесіне әсер ететін техникалық ақаулар мен басқа да мәселелер туындаған жағдайда Қазпоштаның және AIX ақпараттық технологиялар бөлімшелерімен өзара әрекеттесу;
    - клиенттерге кеңес беру және IPO жүргізу тәртібін түсіндіру.

Талаптар:

  • Экономика және / немесе қаржы және / немесе банк ісі және / немесе заңгерлік бейіні бойынша жоғары білім
  • Экономика және/немесе қаржы және/немесе банк қызметі және/немесе аудит саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.

    Заңнамаларды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ және Қоғамның брокерлік қызметті және жалпы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарын білуі.

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс аптасы, 8 сағаттық жұмыс күні 09-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс 13-00 - 14-30 аралығында