Қаржы департаменті корпоративтік қаржыландыру басқармасы қарызды тарту секторының жетекші маманы

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
40

Қаралған саны:
476

   Конкурс туралы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ талап етеді

Талаптар:

Білімі:

  • Тиісті қызмет бейіні бойынша жоғары білім   Тиісті лауазым бейіні/менеджмент/экономика/ қаржы/МВА/басқа бойынша магистр дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Кемінде 4 жыл (қаржы саласында, мүмкіндігінше мұнай-газ компанияларында)

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:

  •  Ағылшын тілін (upper-intermediate) білген жөн 

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнама саласында;
  • Мұнай-газ саласындағы заңнама;
  • Қазақстан Республикасының банк ісі және валюта заңнамасы саласында;
  • Экономика және қаржы, бизнес-жоспарлау процестері саласында;
  • Қаржы институттарындағы қаржыландыру схемалары мен құрылымдары саласында;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесінің және ҚМГ ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
  • Ақпараттық қауіпсіздік саласында;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
  • Сапа менеджменті, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің интеграцияланған жүйесі саласында;
  • Мемлекеттік тілді білген жөн (ауызша және жазбаша).

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Қаржылық-экономикалық талдау дағдылары;
  • Аналитикалық қабілеттер;
  • Командада жұмыс істеу дағдылары;
  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары;
  • Келіссөздер жүргізу, еңбекті ұйымдастыру және басқару дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

1) Жетекшілік ететін еншілес ұйымдардың қарыздық қаржыландыруды тартуларын келесі іс-шараларды жүргізу арқылы ұйымдастыру бойынша жұмыс:

- қаржыландыру шарттарын, схемасын және көздерін талдау;

- жобаның ҚМГ қаржылық нәтижелеріне әсері тұрғысынан мәмілелер құрылымын талдау;

- кредиторлармен және мәмілеге қатысушылармен келіссөздер мен конференц-қоңырауларға қатысу;

- кредиттік құжаттаманың, оның ішінде ҚМГ кепілдіктерінің шарттарын келісу;

- ҚМГ корпоративтік шешімдерін келісу.

2) Жобаларды келесі іс-шараларды жүргізу арқылы қаржылық сүйемелдеу:

- Департаменттің құзыреті шеңберінде инвестициялық жобаларды, сондай-ақ жекелеген мәселелерді (активтерді сатып алу/иеліктен шығару, өзге де мәмілелер жасасу) қарау;

- жобалардың ҚЭМ талдау;

- бастамашылық жасалған іс-шаралардың ҚМГ қаржылық тұрақтылығына, рейтингтеріне және өтімділігіне әсерін талдау; 

 - шешім қабылдау кезінде есепке алу үшін ҚМГ уәкілетті органдарына сараптамалық қорытындыларды қалыптастыру және ұсыну.

3) SAP-та еурооблигацияларды әкімшілендіру; борыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер жүргізу;

4) қарыздар мен ковенанттар, жоспарлы қарыз алу, ҚМГ кепілдіктері бойынша жиынтық есептерді қалыптастыру және талдау;

5) корпоративтік қаржыландыру бойынша жетекшілік ететін басшылардың өзге де тапсырмаларын орындау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр