Мұнай және газ маркетингі бөлімінің аға маманы

«Қазгермұнай» БК» ЖШС Қызылорда қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
18

Қаралған саны:
1174

   Конкурс туралы
Қазгермұнай БК ЖШС мұнай және газ маркетингі бөлімінің аға маманы қажет:

Аға маманға қойылатын біліктілік талаптары

Арнайы білім мен дағдылар:

жоғары білім (экономикалық);
логистика және мұнай – газ өнімдерін өткізу саласындағы жұмыс тәжірибесі-кемінде 3 жыл (оның ішінде экспорттық операцияларды жүргізу тәжірибесі);
компанияның коммерциялық қызметі саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасын білу;
нарықты зерттеу, кірістер мен шығыстардың құрылымын оңтайландыру, тауарлық өнімді өткізуді жоспарлау дағдылары;
контрагенттермен (ҚР резиденттерімен және резидент еместерімен) баға белгілеу әдістерін және есеп айырысу нысандарын білу;
трансферттік баға белгілеуді қолданудың және дифференциалдарды есептеудің практикалық тәжірибесі;
мұнай-газ өнімдерін сату бойынша мәмілелерді ресімдеудің тәртібі мен практикалық тәжірибесін білу;
компанияның коммерциялық қызметінің жоспарлары мен болжамдарын қалыптастырудың әдіснамасы мен практикалық тәжірибесін білу;
тауар өнімдерін (кіріс және шығыс бөліктерін)сату бойынша бюджеттерді қалыптастыру дағдылары;
компанияның коммерциялық қызметіне байланысты тәуекелдерді анықтау және бағалау дағдылары;
тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Outlook) АҰҚ-мен жұмыс істеу дағдыларының деңгейі.

Жалпы білім мен дағдылар:

пайдаланушы деңгейінде компьютерде жұмыс істеу дағдыларының деңгейі;
ағылшын тілін білу (Intermediate деңгейінен төмен емес);
кеңселік ұйымдастыру техникасымен жұмыс істей білу;
өз уақытын басқару дағдыларын білу және қолдану;
іскерлік қарым-қатынас этикасын білу;
еңбек тәртібінің ережелерін білу;
Төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар схемасын білу;
еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын білу.