4-разрядты тазалаушы № 58 Цехы

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
620

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Білуі тиіс: - қолданылатын жабдықтың құрылғысы; - механикалық құрылғыларды пайдалану ережесі; - желдеткіш ауа өткізгіштерді тазалау ережелері мен мерзімдері; - вент ауа өткізгіштерді тексеру тәсілдері; - цехтарда қолданылатын реагенттердің қасиеттері және газданудың пайда болу себептері; - вент ауа өткізгіштерді жүйесіндегі кептелістерді жою тәсілдері; - тазаланатын орындарды ұстау бойынша санитарлық гигиеналық ережелер; -құрылғылар және қызмет көрсетілетін жабдықтар мен құралдарды пайдалану ерелері; -тазалау ережесі; - жуу, дезинфекциялау және дезактивациялайтын заттардың мақсаты мен қызметі; - санитарлық-техникалық жабдықтарды пайдалану ережелері; -қауіпсіз қабылдау және еңбек әдістері; -жұмыс нұсқаулығы; - еңбек заңнамасының негіздері және әлеуметтік менеджмент жүйесі (ӘМЖ); - өндіріс экономикасының негіздері; - «ҮМЗ» АҚ менеджмент жүйелері (СМЖ, ҚОМЖ, ДҚМЖ және ЕҚҚ, ЭНМЖ); - «ҮМЗ» АҚ қолданылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік актілердің талаптары; -«ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелері; - цехта пайдаланылатын пештердің конструктивтік құрылғысы; - пештерге қойылатын техникалық және өртке қарсы талаптар; - жуу, дезинфекциялау және дезактивациялау ерітінділерін дайындау технологиясы.

Білім:

- жалпы орта білімнен төмен емес

Дағдылар:

- өндірістік үй-жайларды, дәліздерді, баспалдақтарды тазалау; - қолмен немесе машиналар мен құрылғылардың көмегімен қабырғаларды, едендерді, терезелерді және т. б. ластанған жерлерді сыпыру, жуу; - белгіленген орынға қоқыс пен қалдықтарды жинау және тасымалдау; - себезгі, киім ілетін орындарды және басқа да жалпы пайдалану орындарын тазалау және зарарсыздандыру; - жуу, дезинфекциялау ерітінділерін дайындау; - жауапты тұлғадан жуу құралдарын, мүкәммал мен сүрту материалдарын алу; - тазаланатын үй-жайларда санитария және гигиена ережелерін сақтау; - машиналарды залалсыздандыру, жабдықтарды, тораптарды және т. б. шаңнан, күйеден, шламнан, тұнбадан, өнім қалдықтарынан және т. б. щеткамен, ерштармен, қолмен немесе механикалық қырғышты қолданып тазалау жұмыстарын жүргізу; - жуу ерітіндісінің рецептурасын таңдау; - жабдықтар мен бак аппаратурасының жағдайын бақылауды жүзеге асыру; - вент ауа өткізгіштерге тексеру жүргізу; - технологиялық жабдықтардың вент ауа өткізгіштерін, өндірістік желдету каналдарының күрделі бөліктерін ластанудан және тұз шөгінділерінен тексеру және тазалау; - тазалау кезінде қолданылатын құралдар мен аспаптардың барлық түрлеріне толық жөндеу жүргізу; - біліктілігі төмен тазалаушыны басқару; - өндірістік журналдарда тіркеу.

Қосымша:

- қышқыл буларының (балқыту, күкірт), аммиак, иондаушы сәуле, дезинфекциялық аэрозоль заттары және синтетикалық жуғыш құралдар; қышқыл буларының (балқыту, күкірт), аммиак, дезинфекциялық аэрозоль заттары және синтетикалық жуғыш заттары әсерінен болатын 2-дәрежелі Зиянды еңбек жағдайлары Болжамды еңбек ақы мөлшері: 138 650 теңгеден бастап 267 900 теңгеге дейін

Білетін тілдер:

- талаптар қойылмайды