4-5-6 разрядтағы слесарь-жөндеуші Отделение № 5 цех № 10

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
569

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

4 разряд бойынша білуі тиіс: -жөнделетін жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың құрылысын, машиналарды реттеу ережесін, жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, құрастыру және сынау процесінде ақауларды жою тәсілдерін, қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын, мақсаты мен қолдану ережесін, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылысын, күрделі емес әр түрлі бөлшектерді белгілеу және өңдеу тәсілдерін, шектеулер мен отырғызу жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, қышқылға төзімді және басқа да қорытпалардың қасиеттерін,жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеудің негіздерін 5 разряд бойынша білуі тиіс: - жөнделетін жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың конструктивтік ерекшеліктерін, жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеуін, құрастыруға, сынауға және орнатуға қойылатын техникалық шарттарды, жабдықтарды жөндеудің, құрастырудың және монтаждаудың технологиялық процесін, машиналарды статикалық және динамикалық теңгерімдеуге жабдықтарды сынау ережесін, күрделі белгілеу кезінде геометриялық құрылыстар, бөлшектердің уақытынан бұрын тозуын анықтау тәсілдерін, тозған бөлшектерді қалпына келтіру және нығайту және қорғаныс жабынын жағу тәсілдерін. 6 разряд бойынша білуі тиіс: - жөндейтін құрал-жабдықтардың агрегаттар мен машиналардың конструктивті ерекшеліктерін, кинематикалық және гидравликалық сызбаларын; жөндеу, жинақтау, монтаждау, нақытылығын тексеру және жөнделген құрал-жабдықты сынау; құрал-жабдықтың жұмыс істейтін детальдарына, түйіндеріне, механизмдеріне шекті рауалы жүктемелерді; сынуды, коррозиялық тозуын және апаттың алдын алу іс-шаралары.

Білім:

Жалпы орта білімнен төмен емес

Дағдылар:

4 разряд бойынша: - күрделі тораптар мен механизмдерді бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау. Күрделі жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, монтаждау, бөлшектеу, сынау, реттеу, баптау және жөндеуден кейін тапсыру. Бөлшектер мен тораптарды 7-10 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу. Жөндеу және монтаждау үшін күрделі айлабұйымдарды жасау. Жөндеуге ақау ведомостарын жасау. Көтергіш-көлік механизмдері мен арнайы айлабұйымдарды қолдана отырып такелаждық жұмыстарды орындау. 5 разряд бойынша: - Күрделі жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, монтаждау, бөлшектеу, сынау, реттеу және баптау және жөндеуден кейін тапсыру. 6-7 квалитеттер бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу. Кернеулі және тығыз қондыру жағдайында тораптар мен жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. 6 разряд бойынша: - Күрделі үлкен өлшемді, ерекше, бірегей, сынамалы және тәжірибелі құрал-жабдықты, агрегаттарды және машиналарды жөндеу, монтаждау, бөлшектеу, сынау және реттеу бойынша жұмыстарды орындау; құрал-жабдықты пайдалану және жөндеу процесі кезінде тексеруде ақауларын анықтау және жою; жөнделген құрал-жабдықтың жүктемесі астында нақтылығын тексеру және сынау жүргізу.

Қосымша:

- қышқылдар (балқытқыш, азот) буларының, азот тотықтарының, мыс тотықтарының, минералды майлар аэрозольдерінің әсерінен болатын зиянды еңбек жағдайлары - минералды майлар аэрозольдерінің әсерінен болатын зиянды еңбек жағдайлары Болжамды еңбек ақы мөлшері: 4 разряд бойынша 126 900 теңгеден 256 150 теңгеге дейін 5 разряд бойынша 150 400 теңгеден 309 025 теңгеге дейін 6 разряд бойынша 170 375 теңгеден 353 969 теңгеге дейін

Білетін тілдер:

Талаптар қойылмайды