Қойма есеп орталығының жетекші маманы

«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
462

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 6.Қоймадан тауар-материалдық құндылықтарды жіберу, сақтау, қабылдау бойынша, қойма ғимаратын рационалды қолдану арқылы орналастыру, мүлік, қажетті материалдарды табуды тездету, жеңілдету және т.б. жұмыстарын атқарады.
  • .есепте тұрған тауар-материалдық қорлардың сақталуын қамтамасыз ету, сақтау тәртібін ұстану, қойма қызметін іске асыруға және ұйымдастыруға қатысу.
  • еңбек қорғау нормаларын және ережелерін сақтай отырып, жүктерді тиеу-тусіру жұмыстарын ұйымдастыру.
  • .айналымды ыдысты және жүк тиеу деректемені сақтауды, жинауды қамтамасыз етеді. Тауар-материалдық құндылықтарды инвентаризациялауды жүргізуге қатысады.
  • орнатылған есептіліктің, қойма операциялары есебін жүргізуді бақылау.
  • қойма шаруашылығы жұмыстарының тиімділігін көтеру бойынша іс-шараларды атқару мен дайындауға, тауар-материалдық құндылықтарды сақтау мен тасымалдау шығындарын азайтуға, қойма шаруашылығына есептеу техникасы, коммуникация мен байланыстың заманауи түрін енгізуге қатысады.
  • есеп беруге жататын, тауар-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.
  • .қойма жайларында (пломбалар, баспа-таңбалар, бақылау құлыбтары) салуды қамтамасыз ету, сонымен қатар жұмыстың соңында және басында күзетшілердегі қабылдау-беру журналына міндетті түрдегі тізімдеумен есепте тұрған тауар-материалдық құндылықтарды күзетке өткізу және қабылдау бойынша жұмыстарын жүргізу.
  • Есеп орталығының қоймаларына тауар материалдық құндылықтарды қораптау, маркалау, сұрыптау бойынша жұмыстарына қатысу.
  • Басқару және статистикалық есеп беру үшін әрдайым мағлұматтарды жинау.
  • өртенбейтін заттардың бар болуы мен жарамдылығына, ғимараттың, қоймадағы жабдықтың, мүліктің күйін бақылайды және ақаулықтары туралы өзінің тікелей басшысына хабарлайды.
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның реттемелеуші және басқа да нормативтік құжаттары мен үдерістерін мерзімді және нақты уақыт тәртібіне сай орындау (бөлімшенің қызмет саласында).
  • Еңбек және атқарушылық тәртібін сақтау.
  • Өндірістік-техникалық оқу сабақтарына қатысу және өз бетімен әдебиеттерді оқу арқылы біліктілікті көтеру.
  • Еңбек үдерісінде белгілі болған, мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтерді (оның ішінде құжаттарды), қызметтік ақпараттарды, сондай-ақ коммерциялық және басқа заңмен қорғалатын кез келген құпияларды сақтау.
  • Өнеркәсіптік санитария мен еңбек қорғаудың, өрт қауіпсіздігінің, техника қауіпсіздігінің қағидаларын орындау және сақтау.
  • Сәйкессіздік себептерін жою мақсатында алдын ала ескерту, түзету әрекеттерін жасау және біріктірілген менеджмент жүйесінің талаптарын орындау.

Талаптар:

  • Тиісті мамандық бойынша жоғары (аспирант) білім беру тәжірибесі жоқ немесе тиісті мамандық бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім беру (біліктілігі)
  • жұмыс тәжірибесі немесе мамандық бойынша кем дегенде 2-3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр