Пошта қызметтері департаментінің бас менеджер (декреттік орын)

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
454

   Конкурс туралы

Міндеттері:

    1. Пошта қызметтері, өнімдері және жобалары (іс-шаралар) бойынша бизнес-процестерді сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде:

    1) ҚР бойынша жазбаша хат-хабар және сәлемдемелер;

    2) EMS-ҚР бойынша жөнелтімдер;

    3) арнайы байланысты жөнелту;

    1.1.Операциялық қызмет бойынша міндеттерді орындау (пошта қызметтерін сүйемелдеу) үшін мынадай функцияларды жүзеге асыру:

    1.1.2.Мыналарды қамтитын операциялық қызметті жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру:

    1) операциялық қызметті жетілдіру жөніндегі егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарын құру;

    2) іс-шараларды іске асырудың егжей-тегжейлі жоспарын келісу;

    3) егжей-тегжейлі жоспарды түзетуді жүзеге асыру;

    4) егжей-тегжейлі жоспарға сәйкес іс-шараларды іске асыруға;

    5) жұмыстардың сапасы мен мерзімдерінің сақталуына мерзімді бақылауды жүзеге асыру;

    6) егжей-тегжейлі жоспарды және жол картасын іске асыру бойынша нәтижелерді қабылдау актісін дайындау;

    7) егжей-тегжейлі жоспардың нәтижелерін қабылдау актісін және енгізудің жол картасын бекіту;

    8) технологиялық процестер мен технологиялық карталарға қатысты жобалар командаларына қатысу, ішкі және халықаралық поштаны, оның ішінде корпоративтік клиенттерге арналған поштаны қабылдау, беру, тасымалдау және өңдеудің технологиялық схемаларын сүйемелдеу, әзірлеу және жетілдіру;

    9) өндірістік процестерде КАЖ-да бағдарламалық модульдерді әзірлеуге, енгізуге және сүйемелдеуге қатысу;

    10) көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысу;

    11) нормативтік құжаттардың жобаларын, оның ішінде ОА басқа бөлімшелерінен келіп түскен пошта байланысы қызметтерін көрсетуге арналған шарттардың жобаларын қарау және жетекшілік ететін пошта өнімдері бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу;

    12) «EMS Kazpost» филиалына корпоративтік клиенттермен ынтымақтастықты дамыту және ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту бөлігінде жетекшілік ету, оның ішінде клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қолданыстағы қызметтерді жетілдіру;

    13) жетекшілік ететін өнімдерге қатысты жаңа технологиялық процестерді енгізу және қолданыстағыларын сүйемелдеу бөлігінде облыстық филиалдардың, поштамттардың пошта қызметтеріне жетекшілік ету;

    1.1.3 операциялық қызметті мыналарды көздейтін қажетті әдіснамамен қамтамасыз етеді:

    1) оқытуды ұйымдастыру және Корпоративтік оқыту орталығына жаңартуларды жеткізу.

     

    1.2.Тарифтерді қате есептеу, қабылдау кезіндегі қателер бөлігінде филиалдардың сұрау салуларының уақтылы, жедел әрекет етуін және пысықталуын қамтамасыз ету (тиісті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп).

    1.3. Пошта жөнелтілімдерін уақтылы беру және жеткізу мониторингін жүзеге асыру

    1.4. Есептерді әзірлеуді, өзектендіруді жүзеге асыру, автоматтандыруға қатысу

     

     

    1. Қоғам филиалдарының операциялық қызметті жедел жоспарлау жөніндегі міндеттерін орындау үшін мынадай функцияларға мониторингті жүзеге асыру:

    1) операциялық қызметтің жедел жоспарын қалыптастыру бөлігінде;

    2) диспетчерлеу және жедел жоспарлардың орындалуын бақылау бөлігінде;

    3) өткен кезеңдердің операциялық қызмет жоспарының орындалуын талдау бөлігінде.

     

    1. Операциялық қызметтің тиімділігін мониторингілеу және талдау бойынша міндеттерді орындау үшін Қоғам филиалдарының функцияларды орындауын бақылауды жүзеге асыру:

    1) операциялық қызметті инспекциялау бөлігінде;

    2) бұзушылықтардың туындауының түпкі себептерін талдау және анықтау бөлігінде;

    3) анықталған бұзушылықтарды жою бөлігінде.

Талаптар:

  • Байланыс және/немесе экономика және/немесе құқықтану, /немесе техникалық ғылымдар және технологиялар және/немесе ақпараттық технологиялар, және/немесе менеджмент бейіні бойынша жоғары білім

  • Пошта саласында және/немесе экономикада және/немесе құқықтануда және/немесе АТ-да кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы

Шарттар:

  • 09-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін, демалыс күні - сенбі, жексенбі, мереке күндері