Құқықтық қамтамасыз ету департаменті бизнес-бағыттарды құқықтық қолдау басқармасы мұнай және газды барлау, өндіру, мұнай сервисі құқықтық қамтамасыз ету секторының жетекші заңгері (аутстаффинг)
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Білімі:
- Жоғары заңгерлік білім;
- Құқық магистрі, MBA дәрежесінің болуы (болғаны абзал).
Қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі:
- Құқықтану саласында кемінде 4 жыл (мүмкіндігінше мұнай-газ компанияларында).
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
- Мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен құқық қолдану практикасы саласындағы кәсіби білімі: - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, азаматтық, азаматтықпроцестік, корпоративтік, әкімшілік, экологиялық, жер және өзге де заңнаманы;
- Компанияның негізгі бизнес-процестерін білу;
- Компанияның корпоративтік басқару жүйесін білу және түсіну;
- ҚР Азаматтық кодексті, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР Кодексін, Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы", "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Жарғысын, "Самұрық-Қазына" АҚ Корпоративтік басқару Кодексін және өзге де заңнаманы білу;
- Тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
- Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
- Сапа менеджментінің, қоршаған ортаны қорғаудың, денсаулық сақтаудың және еңбек қауіпсіздігінің интеграцияланған жүйесі саласында;
- Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі саласында;
- Қазақ, орыс, ағылшын (мүмкіндігінше) тілдерін білуі.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Бақылаушы және реттеуші органдармен тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдылары;
- Заң сараптамасы рәсімін жүргізу дағдылары;
- Келіссөздер жүргізу, тиімді;
- Міндеттерді қою және қызметті бақылауды жүзеге асыру бөлігінде сыртқы заң консультанттарымен өзара іс-қимыл жасау дағдылары;
- Әртекті функцияларды жүзеге асыру, креативті ойлау, жаңа бейімделген шешімдерді әзірлеу дағдылары;
- Жоғары дамыған коммуникациялық дағдылар мен басқаларға әсер ету қабілеті, оның ішінде адамдардың мінез-құлқын ынталандыру, түзету, оң жұмыс ортасын құру.
Осы лауазымның функционалдық міндеттері:
- Құзыреті шегінде ҚМГ қызметкерлеріне ҚМГ қызметіне байланысты құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді;
- ҚМГ және ЕТҰ қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының құқықтық сараптамасы жүзеге асырады;
- Мұнай және газды барлау, өндіру, мұнай сервисі және ЕТҰ бағыттарын құқықтық сүйемелдеуді, мұнай және газды барлау, өндіру, мұнай сервисі және/немесе бейінді ЕТҰ қызметі шеңберінде жасалатын келісімшарттарды, шарттарды, келісімдерді, ниеттер мен меморандумдар туралы хаттамаларды ҚМГ-ның басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Халықаралық шарттарға, ҚМГ ішкі құжаттарына, ҚМГ корпоративтік басқару органдарының шешімдеріне және ҚМГ үшін міндетті өзге де құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан құқықтық талдауды және әзірлеуді жүзеге асырады;
- Мұнай мен газды барлау, өндіру, мұнай сервисі мен ЕТҰ бағыттарын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру шеңберінде ҚМГ мен ЕТҰ-ның құқықтық тәуекелдерін сәйкестендіруді, талдауды, нивелирлеуді, бағалауды және барынша азайтуды, құқықтық тәуекелдердің алдын алуды жүзеге асырады;
- Құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына және ҚМГ, "Самұрық-Қазына" АҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес ҚМГ, ЕТҰ органдарының қарауына шығарылатын мәселелер мен материалдарға (акционерлердің/қатысушылардың жалпы жиналысы, Директорлар кеңесі/Байқау кеңесі) мұнай мен газды барлау, өндіру, мұнай сервисі бағыттары бойынша белгіленген тәртіппен құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;
- Мұнай мен газды барлау, өндіру, мұнай сервисі және ЕТҰ бағыттарын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі қызметке байланысты келіссөздерді құқықтық сүйемелдеуді және келіссөздерге қатысуды жүзеге асырады;
- Корпоративтік рәсімдерге сәйкес ҚМГ-ға қарауға немесе келісуге ұсынылатын, сондай-ақ ҚМГ мұнай мен газды барлау, өндіру, мұнай сервисі және ЕТҰ бағыттарын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік органдар мен өзге де тұлғаларға қарауға немесе келісуге енгізетін ҚМГ мен ЕТҰ бұйрықтарының, шешімдерінің және басқа да құқықтық құжаттарының жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;
- Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ҚМГ консультативтік-кеңесші органдарына (комитеттерді, комиссияларды, жұмыс топтарын қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) қатысады;
- Басқарма құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен міндетті құқықтық қорытындыларды дайындауды, сондай-ақ басқарма құзыреті шеңберінде ЕТҰ қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
- Департамент туралы ережеге сәйкес өзге де функцияларды, сондай-ақ Басқарма төрағасының, департамент директорының, басқарма бастығының, сектордың бас заңгерінің тапсырмалары бойынша Департамент туралы ережеге қосымша жүктелген, бірақ енгізілмеген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр