ҚБД BI жетекші маманы Жоспарлау және талдау бөлімі, Алматы қ. (уақытша)

«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
459

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Статистикалық талдау және деректерді визуализациялау (ішкі және сыртқы деректер қоры, csv, excel);
  • Есеп беру жүйелерінен бір реттік жүктеп салулар;
  • Excel, PowerPoint және Qlik Sense бағдарламаларында есеп беру мен бақылау тақталарын қолдау, жаңарту, әзірлеу және автоматтандыру;
  • Әзірленген есептер үшін ілеспе құжаттаманы (нұсқауларды, сипаттамаларды) құру;
  • Дайын есептердің репозиторийін құру және есеп беруші тұтынушылардың оған қол жеткізуін ұйымдастыру;
  • Деректерді дұрыстығына талдау, деректер сапасын жақсарту бойынша іс-шараларға қатысу;
  • Жоспарланған көрсеткіштерді орындау нәтижелерін талдау;
  • Көрсеткіштер мен мәндердің сәйкестік анықтамалықтарын толтыру және жаңарту;
  • BigData дерекқорымен жұмыс істеу, оған сұрауларды, таңдауларды және есептерді құрастыру және қолдану, BI қажеттіліктерін жүзеге асыратын BigData әзірлеушілері үшін тапсырма мәлімдемелерін жасау;
  • Жоспарлау және талдау департаментінің бас менеджері мен директорының тапсырмаларын орындау, тапсырмалардың орындалу барысы туралы хабарлау.

Талаптар:

  • Экономика, техникалық, телекоммуникация немесе IT саласындағы жоғары білім
  • ЖжСВМД жетекші маманы: функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде Қоғамның және КБД-ның өкімдік және ішкі құжаттарын;
  • Қоғамның біріктірілген менеджменті жүйесінің құжаттарын;
  • Lotus Notes электрондық құжат айналымын;
  • Microsoft Office (Word, Excel, outlook және басқа) қолданбалы компьютерлік бағдарламаларын;
  • Лауазымға орналасу үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді;
  • Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі техникасы, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария, азаматтық қорғаныстың ережелері мен нормаларын, сондай-ақ мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауға қатысты нормативтік актілерді білуі тиіс.
  • ЖжСВМД жетекші маманының ұйымдастырушылық қабілеті, логикалық ойлауы, талдай білуі, объективті, принципті, әдепті, жан-жақты және ұйымдастыру қабілеті болуы тиіс.

Шарттар:

  • ҚР ең ірі телекоммуникациялық компаниясында жұмыс істеу
  • ҚР ЕК-не сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
  • Уақытылы жалақы
  • Компания есебінен оқыту;
  • Мансап сатысымен көтерілу мүмкіндігі.
  • Жақсы әлеуметтік пакет;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр