Өндірістік қауіпсіздік департаменті еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және талдау бөлімінің бас менеджері (денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы бойынша)

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
1369

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Құзыреті шеңберінде денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы саласындағы корпоративтік орталық пен еншілес ұйымдардың қызметіне талдау мен аудитті жүзеге асырады, құзыреті шеңберінде нормативтік-техникалық және ұйымдастырушылық құжаттарды, ұсынымдарды әзірлейді, жазатайым оқиғаларды тексеруге қатысады, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндірістік қауіпсіздік саласындағы саясатын іске асыру мақсатында корпоративтік орталық қызметкерлеріне және Қоғамның еншілес ұйымдарының еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік қызметтеріне депертамент туралы ереже, корпоративтік стандарттар және ұйымдастырушылық құжаттар шеңберінде консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді Қызметкерлердің денсаулығын қорғауды және еңбек гигиенасын басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру, ішкі құжаттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес корпоративтік орталықтың және оның еншілес ұйымдарының орталық аппаратында денсаулықты қорғау және еңбек гигиенасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;

Білім:

Келесі мамандықтар бойынша жоғары білім: Дәрігер-профпатолог, дәрігер-гигиенист (еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігер), жоғары санатты дәрігер-терапевт.

Дағдылар:

• денсаулықты сақтау, еңбек гигиенасы, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік нысандар мен кеңседе қоршаған ортаны қорғау саласындағы менеджмент жүйесінің негіздерін білу және түсіну; • экономика негіздерін, өндірісті , еңбек және басқару негіздерін ұйымдастыру білу; • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, еңбек гигиенасы, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын білу; • Денсаулық сақтау және еңбек гигиенасын дамыту саласындағы жаһандық трендтерді білу және түсіну; • зиянды факторлардың әсерін төмендету және өндірістік объектілер мен кеңседе еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында санитарлық-гигиеналық және ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын бақылау және мониторинг жүргізу; • ішкі талаптарға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болу үшін қызметкерлерді міндетті медициналық тексерулер, ауысым алдындағы медициналық тексерулер туралы мәліметтерді жинақтау және талдау; • білікті медициналық көмек көрсету

Қосымша:

Өндірістік кәсіпорындарда немесе медициналық мекемелерде денсаулық сақтау, еңбек гигиенасы саласындағы жұмыс тәжірибесі. • белгіленген тәртіппен департамент бағдарламалардың үйлестірушісі болып табылатын денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу; • Кәсіби қызметте біліктілігін арттыруды және құзыреттілігін растайтын құжаттар; • Аналитикалық ойлау, аналитикалық қабілеттер, коммуникабельділік.

Білетін тілдер:

Мемлекеттік тіл - еркін. Орыс тілі – еркін. Ағылшын тілі – «Intermediate».