Цифрлық даму бөлімі цифрландыру секторының аға маманы (негізгі қызметкердің жұмыста болмаған кезеңіне)
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Білімі:
- Жоғары экономикалық/қаржылық/гуманитарлық/техникалық білім.
Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:
- Іскерлік басқару саласында кемінде 3 жыл.
Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):
- Кен орнында кемінде 3 жыл (мұнай-газ компанияларында жақсырақ).
Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуына қойылатын талаптар:
- Магистр дәрежесі / MBA / басқа (қалаулы);
- Бизнес-процестерді басқару, жобаларды басқару, ARIS бойынша оқытуды растайтын сертификаттар (қажет).
Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар (меңгеру деңгейін көрсету, мысалы, В1 (қаз.), Advanced (ағыл.) және т. б.:
- Ағылшын тілін білу – upper-intermediate деңгейінен төмен емес.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
- Жобаларды басқару мәселелері бойынша стандарттар мен әдістемелік құжаттар;
- Тәуекелдерді басқару жүйесінің негіздері саласында;
- Цифрландырудың мемлекеттік бағдарламасы;
- Жобалық құжаттаманы келісу тәртібі туралы ереже;
- Іс жүргізу саласында (біріктірілген басқару жүйесінің электрондық базасы)
- Осы лауазымдық нұсқаулықты қоса алғанда, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ішкі қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттар;
- Сапа менеджменті, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі саласында;
- Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Ақпаратты, жазбаша және ауызша хабарларды жинау, жүйелеу және талдау;
- Аналитикалық, коммуникативті дағдылар, бастамашылық, стратегиялық ойлау, эрудиция, стресске төзімділік, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылу;
- Офистік қосымшаларды қолданып жұмыс істеу: Word, Excel, MS Project, Lotus, Power Point.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:
- Құжаттаманы келісуді, сондай-ақ үйлестіруші бөлімдерден түсетін ескертулерді (цифрлық даму жобаларын) белгіленген тәртіппен реттеуді қамтамасыз ету, құжаттаманы қарау және бекіту үшін ең аз уақытты қамтамасыз ету;
- Басқарманың іс қағаздарын жүргізу (құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, сақтауды, таратуды жүзеге асырады, кіріс құжаттарын уақтылы қарауды ұйымдастырады, құжаттардың дұрыс толтырылуын бақылауды жүзеге асырады);
- Жаңғырту жөніндегі кеңестің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Бизнестің функционалдық бағыттарын цифрлық даму бағдарламасының Басқарушы комитетінің отырыстарын ұйымдастыруға қатысу;
- Мүдделі тараптармен байланыс (ҚМГ Цифрлық даму бағдарламасының периметріне кіреді), хаттардың, жадынамалардың жобаларын жасау;
- Басқарма жұмысының нәтижелерінің сапасы туралы есеп беру;
- Бағдарлама жетекшісімен және жобалық кеңсемен келісім бойынша оған бағдарламалық басқарушы жүктеген бағдарламаны басқарудың басқа бағыттары бойынша жұмыстарды орындау.
Кандидатқа қойылатын ұосымша талаптар (болған кезде):
- Цифрлық сауаттылық курстарынан өту;
- e-license.kz, e-otynysh.kz жүйелерінде жұмыс істеу дағдылары.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр