Қаржы, экономика және инвестициялар бөлімінің бас маманы

"Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
149

Қаралған саны:
2861

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Бюджетті құруды, кәсіпорынның даму жоспарының орындалуын бақылауды, бюджетке, даму жоспарына және кәсіпорынның экономикалық мүдделеріне сәйкестігі тұрғысынан қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

  • Қызмет пен басқару жүйесін өзгермелі сыртқы және ішкі экономикалық жағдайларға бейімдеу мақсатында ұйымның стратегиясын әзірлеуге қатысады;
  • Өндірістік және қаржылық қызметтің орта мерзімді және ұзақ мерзімді кешенді жоспарларын жасайды;
  • Қызметтің барлық түрлеріне кешенді экономикалық талдау жүргізеді және күрделі салымдарды, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды, еңбек өнімділігін тиімді пайдалану, ысыраптар мен орынсыз шығындарды жою шараларын әзірлейді;
  • Бөлімшелердің қызметін техникалық-экономикалық жоспарлау бойынша әдістемелік материалдарды әзірлейді, жаңа техника мен технологияны енгізуден экономикалық тиімділік есебін береді;
  • Кәсіпорынның бизнес жоспары мен бюджетін әзірлейді және бекітуге ұсынады, оларға тиісті өзгерістер мен түзетулерді дайындайды және ұсынады;
  • Жобаны қаржыландыру бөлігінде келісім алу үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Бөлімнің анықталған тәуекелдеріне мониторингті және бақылауды, сондай-ақ оларды басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • Бюджетте қаражаттың болуына, жасалған шарттардың бюджетке және нормативтерге сәйкестігіне сатып алу жоспарын қарайды және келіседі;
  • SAP жүйесіне қаржылық деректерді енгізеді.

Талаптар:

  • Экономика/қаржы саласындағы жоғары кәсіптік білім;
  • Қаржылық талдау және жоспарлау саласындағы халықаралық сертификаттардың болғаны жөн: CFA/CFM/ACCA/CMA/CIMA, қызмет салаларына сәйкес басқа сертификаттар;
  • Кәсіби қаржы секторында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Келесі салаларда жұмыс тәжірибесі қажет: ірі қаржылық, банктік және халықаралық ұйымдарда; қаржылық тұрақтылық пен тәуекелдерді басқаруда; сыртқы және ішкі аудиторлармен, қаржы институттарымен, инвестициялық банктермен және кредиттік рейтинг агенттіктерімен өзара іс-қимыл тәжірибесі;
  • Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Салық кодексін білу;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп саласындағы ішкі нормативтік құжаттарын, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын білу;
  • Қаржылық талдау және бухгалтерлік есепті, ресурстарды талдауды білу (еңбек, қаржылық және уақыт ресурстарды);
  • SAP бойынша жұмыс білімі.

Қажетті қабілеттер

  • Идентификация и оценка рисков
  • эффективные коммуникации
  • - Эффективное принятие решений
  • - Способность к саморазвитию, трансформации, изменениям
  • - Работа в команде
  • • навыки бизнес планирования
  • навыки аналитической работы с отчетными данными

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан төмен)
  • Қазақ тілі (Орташа)
  • Орыс тілі (Кәсіби)