Корпоративтік хатшы қызметінің жетекші маманы (корпоративтік басқаруды, бақылауды және бизнес-процестерді жетілдіру) (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
35

Қаралған саны:
1098

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары заңгерлік және / немесе экономикалық және / немесе менеджмент саласында;
  • Тиісті лауазым бейіні/менеджмент/экономика/қаржы/МВА/т.б. бойынша магистр дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Кемінде 4 жыл.

Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):

  • Кемінде 4 жыл.

Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуына қойылатын талаптар:

  • Мүмкіндігінше Корпоративтік хатшы сертификатының (ҚР бағдарламасы) және/немесе корпоративтік хатшының өзге де халықаралық танылған кәсіби біліктілігінің болуы.

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар (меңгеру деңгейін көрсету, мысалы, В1 (қаз.), Advanced (ағыл.) және т. б.:

  • Мемлекеттік, В1;
  • Ағылшын - Advanced.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Қызметтің жұмысына қолданылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, оның ішінде міндетті түрде: «Акционерлік қоғамдар туралы» заң, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заң, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заң, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заң, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң;
  • Қызметтің жұмысына қолданылатын, ҚМГ-дағы корпоративтік қатынастарды реттейтін құжаттарды білу, оның ішінде міндетті түрде: ҚМГ Жарғысы, ҚМГ Корпоративтік басқару кодексі (бұдан әрі – Кодекс), ҚМГ Даму стратегиясы, ҚМГ ДК және/немесе оның комитеттерінің отырыстарына материалдарды дайындау және енгізу қағидалары, ҚМГ Іс жүргізу регламенті, ҚМГ ДК, ДК комитеттерінің, ДК төрағасының, мүшелерінің, ҚМГ корпоративтік хатшысының қызметін бағалау туралы ереже, ҚМГ ДК туралы ереже, ҚМГ ДК комитеттері туралы ереже, ҚМГ Басқармасы туралы ереже, ҚМГ корпоративтік хатшысы туралы ереже, Қызмет туралы ереже, ҚМГ ішкі аудит қызметі туралы ереже, ҚМГ Іскерлік әдеп кодексі, Тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесі жөніндегі саясат; Қызметтің жұмысы бөлігінде интеграцияланған басқару жүйесі (бұдан әрі – ИБЖ) саласындағы талаптарды регламенттейтін құжаттарды білу, сондай-ақ эмитенттер үшін ақпаратты ашу бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ талаптары саласындағы білім;
  • ҚМГ-ға қолданылатын Қордың ішкі құжаттарын және корпоративтік стандарттарын білу, оның ішінде міндетті түрде: Әдістеме, Қор компанияларының директорлар кеңесінің құрамын қалыптастыру қағидалары, Қордың тобына кіретін ұйымдардың стратегиялық емес активтерді шығару (дивестициялау) жөніндегі корпоративтік стандарт, барлық дауыс беретін акциялары Қорға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғалардың атқарушы органдары басшыларын тағайындауды келісу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары, Қор тобының Адами ресурстарды басқару жөніндегі корпоративтік стандарты, Қордың және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамын Қор тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғалардың инвестициялық қызметінің корпоративтік стандарты, Қордың портфельдік компанияларымен өзара іс-қимыл жөніндегі саясат; Корпоративтік басқару, комплаенс, тұрақты даму саласындағы референс модельдері;
  • ҚМГ компаниялар тобы қызметінің ерекшелігі мен негізгі бизнес-процестерін білу;
  • Интеграцияланған сапа менеджменті жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі саласындағы білім;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласындағы білім.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Ақпаратты, жазбаша және ауызша коммуникацияны жинау, жүйелеу және талдау дағдылары;
  • Талдау, коммуникативтік, ұйымдастырушылық қабілеттері; стратегиялық ойлау және өзгерістерді басқару дағдылары;
  • Word, Excel, Power Point, BoardMaps, Directum RX және т.б. бағдарламаларда / қосымшаларда жұмыс істеу, заманауи технологияларды, коммуникация құралдарын пайдалану дағдылар;
  • Жұмысты жоспарлау және міндеттердің басымдылығын айқындау дағдылары;
  • Деректердің үлкен көлемін өңдеу және талдау және олардың негізінде қорытындылар әзірлеу дағдылары;
  • Командада жұмыс істей білу, коммуникабельділік, ашықтық, адалдық, орындалатын жұмыс сапасын үздіксіз жетілдіруге ұмтылу;
  • ҚМГ қызметінің әртүрлі салаларына жататын ақпаратты жүйелеу, талдау, қорыту және баяндау;
  • Негізгі қызмет мәселелері бойынша іскерлік хат алмасуды жүргізу.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • Корпоративтік хатшының тапсырмаларын, Директорлар кеңесі, корпоративтік хатшы бекіткен Қызметтің жұмыс жоспарларын уақтылы және сапалы орындау;
  • Корпоративтік басқару рейтингін алу мақсатында Әдістемеге сәйкес ҚМГ корпоративтік басқару диагностикасын жүргізу шеңберінде ҚМГ ішіндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ ҚМГ корпоративтік басқару практикасындағы жақсарту қажет тұстарды айқындау және ҚМГ корпоративтік басқару рейтингі деңгейінің болжамды мәнін айқындау мақсатында Әдістемеге сәйкес корпоративтік басқару диагностикасын (қажет болған кезде) дербес жүргізу;
  • ҚМГ-де корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарларын қалыптастыру, келісу, бекіту және Кодекстің қағидаттары мен ережелерін практикаға енгізу арқылы ҚМГ-де корпоративтік басқару практикасын жетілдіруді қамтамасыз ету; ҚМГ-де корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарларының іс-шараларын орындау шеңберінде ҚМГ құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру; тиісті консультациялық-әдіснамалық қолдау көрсету; ҚМГ-де корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарларын орындау мониторингін және талдауды жүзеге асыру; ҚМГ-де корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарларында көзделген іс-шаралардың іске асырылу дәрежелері және ДК және тиісті ДК комитеті үшін олардың орындалуы туралы тұрақты есептілікті дайындау; ДК мүшелерінен ҚМГ мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің назарына кері байланысты жеткізу;
  • ДК, ДК комитеттерінің қызметін жетілдіру үшін салаларды анықтау және Корпоративтік хатшыға ұсыныстарды уақтылы енгізу; ҚМГ-дағы корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарларында, қызметтің жұмыс жоспарларында көзделген тиісті іс-шараларды іске асыру және Қордың портфельдік компанияларының ДК қатысуымен өтетін іс-шаралары шеңберінде алынған ұсынымдарды орындау арқылы ДК және оның комитеттерінің қызметін жетілдіруді қамтамасыз ету;
  • Қызметтің ішкі бөлінісіне сәйкес ДК және оның комитеттерінің, Қызметтің, сондай-ақ ҚМГ құрылымдық бөлімшелерінің ДК-мен, оның комитеттерімен, акционерлерімен өзара іс-қимыл жасау бөлігіндегі қызметін регламенттейтін құжаттарды әзірлеу, жетілдіру және олардың өзектілігін қамтамасыз ету (оның ішінде ішкі құжаттарды өзектендіру және әзірлеу, қарау және бекіту үшін құжаттардың толық топтамасын дайындау және келісу); Қызмет қызметкерлерінің ішкі пайдалануы және мүдделі тараптарға ұсынуы үшін Қызметтің бизнес-процестерінің каталогын өзекті жағдайда ұстауды қамтамасыз ету;
  • Қызметтің бизнес-процестері мен бақылауларындағы, оның ішінде іс жүргізу, ресми құжаттарды сақтау, айналысқа жіберу және есепке алу саласындағы әлсіз жерлерді табу және жою, оларды үздіксіз жетілдіруді қамтамасыз ету;
  • Жаңадан сайланған ДК мүшелері үшін лауазымға енгізу бағдарламасын өзектендіру (қажеттілігіне қарай); ҚМГ қызметіне жататын және лауазымға енгізу бағдарламасы шеңберінде жаңадан сайланған ДК мүшелерімен танысу үшін көзделген құжаттар топтамасын/ ақпаратты тұрақты жаңартып отыру және оны іске асыру; ДК және оның комитеттерінің жұмысын жоспарлау кезінде есепке алуды қамтамасыз ету, оның ішінде ҚМГ-дағы корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарларында, Қызметтің жұмыс жоспарларында көзделген тиісті іс-шаралардың тиісті жылына арналған ДК және оның комитеттерінің жұмыс жоспарларын және Қордың портфельдік компанияларының ДК қатысуымен өтетін іс-шаралары шеңберінде алынған ұсынымдарды қалыптастыру;
  • ҚМГ-ның Кодекс қағидаттары мен ережелерін сақтау / сақтамау мониторингі, тиісті жыл сайынғы Есепті қалыптастыру, оны кейіннен бекіту, сондай-ақ ҚМГ мүдделі тараптары үшін ҚМГ жылдық есебінің құрамында ашу мақсатында ҚМГ ДК аудит жөніндегі комитетімен белгіленген тәртіппен келісу бойынша қажетті шаралар қабылдау;
  • Қызметтің құзыреті шеңберінде рейтингтік агенттіктер, ҚМГ корпоративтік сайты, ҚМГ стратегиясының, даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп, ESG рейтингін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары, Жылдық есеп, Орнықты даму туралы есеп және т.б. үшін корпоративтік басқару бойынша ақпаратты дайындау, келісу және ұсыну; ИБЖ аудитінен өтуге дайындалу бойынша және оны жүргізу шеңберінде Қызметтің жұмысын үйлестіру және болған жағдайда ұсынымдарды жою мақсатында аудит нәтижелері бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету; Қызметтің, ДК және оның комитеттерінің қызметін регламенттейтін құжаттардың ИБЖ талаптарына және ҚМГ қолданылатын ішкі құжаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • Өз өкілеттіктерін орындау бөлігінде ҚМГ акционерлерімен, құрылымдық бөлімшелерімен және еншілес және тәуелді ұйымдарымен (бұдан әрі – ЕТҰ), стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жасау; Қызметтің ішкі бөлінісіне сәйкес ақпаратты ашу бойынша қолданылатын талаптарға сәйкес Қызметтің құзыреті шегінде ҚМГ мүдделі тараптары үшін ҚМГ қызметі туралы ақпаратты уақтылы және толық ашу мақсатында ҚМГ корпоративтік веб-сайтының мониторингін жүргізу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр