«KEGOC» АҚ Комплаенс қызметінің Комплаенс-офицері

от 623600 KZT
"KEGOC" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
78

Қаралған саны:
1970

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

           1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптар мен үздік халықаралық тәжірибеге тұрақты мониторинг жүргізеді және реттеушілік орта өзгерген жағдайда Қоғам қызметіне тигізетін салдарды айқындайды;
           2)  Қоғам үшін комплаенс тәуекелдерге бағалау жүргізу әдіснамасын жаңартуға және ендіруге қатысады. Қоғамның негізгі бизнес процестерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырауына бағалау жүргізуге, соның ішінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі реттеуші органымен бірлесіп, қатысады. Комплаенс тәуекелдерді бағалау туралы есепті және оларды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындауға қатысады;
           3) Мінез-құлық кодексін (іскери этика) жаңартуды қоса алғанда, Қоғам үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша саясатты, регламенттер мен рәсімдерді, сондай-ақ жауапкершілігі Комплаенс қызметіне бекітілген ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысады;
          4) Қоғам үшін үшінші тұлғаларға кешенді тексеру жүргізу әдіснамасын жаңартуға және ендіруге қатысады. Қоғам үшін үшінші тұлғаларды тексерудің автоматтандырылған жүйесін тестілеуге және енгізуге қатысады;
           5) Қоғам үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі саясат пен комплаенс рәсімдерін және сыртқы реттеу талаптарын бұзу мәселелері бойынша «Бастамашылықпен ақпарат беру саясаты» ұйым стандартын жаңартуға қатысады;
            6) проактивтілік қағидатын ұстана отырып, Қоғамның құрылымдық бөлімшелері үшін уақтылы коммуникация мен консультацияға қатысады, Қоғамда комплаенс саясаттары мен стандарттарының енгізілуін бақылайды, ЕҰ үшін ұсынымдар береді; қажеттілігіне қарай комплаенс бағыттары бойынша оқулар өткізеді; негізгі бизнес процестердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырауына, соның ішінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша реттеуші органымен бірлесіп бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді;
           7) этика және комплаенс стандарттары мен қағидаттарына сәйкестігіне мониторинг рәсімін, сонымен қатар жауапты департаменттер мен ЕҰ-дан (операциялық бизнес процестердің иелеріне) тұрақты есептерді жинақтау процесін бақылайды;
           8) сыбайлас жемқорлық және/немесе оларға қатысу фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде ішкі тексерулерге, жеке тергеулерге қатысады немесе «KEGOC» АҚ компаниялар тобындағы комплаенс саласында бастамашылық ақпарат беру желісіне («қызу желі») хабарламалар, үшінші тұлғалардың кіріс хат түріндегі жазбаша нысандағы шағымдары, Ішкі аудит қызметі мен өзге де органдардың анықтаулары, үшінші тұлғалардың сенімділігін тексеру нәтижесіндегі анықтаулар келіп түскен жағдайда тергеу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады (келесі бағыттардың өкілдерін тарта отырып: ішкі аудит, тәуекелдер және ішкі бақылау, құқықтық сүйемелдеу, қауіпсіздік, адами ресурстарды басқару және т. б.), қажет болған жағдайда тапсырманы орындау үшін жауапты адамды тағайындайды; дауларды реттеу үшін шаралар қабылдау және анықталған бұзушылықтарды жою үшін ұсынымдар әзірлеу мақсатында толық аяқталғанға дейін тергеу процесін үйлестіреді; мүдделер қайшылығын анықтау, мониторингтеу және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
            9) заңсыз алынған кірістерді заңдастыру тәуекеліне неғұрлым сезімтал өнімдерді, қызметтерді, клиенттерді, үшінші тараптар мен өңірлерді анықтауға мүмкіндік беретін тәуекелдерді бағалауды жүргізуге қатысады. Заңсыз кірістерді заңдастырудың әлеуетті жағдайларын айқындайтын тәуекелдерді кешенді тексеру бағдарламасын енгізуге қатысады (клиенттермен, өнім берушілермен, үшінші тараптармен және аффилиирленген тұлғалармен өзара іс-қимыл барысында). Басшылық пен қызметкерлерді заңсыз кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы хабардар болуын және олардың талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тұрақты оқытуды жүргізуге қатысады. Заңсыз кірістерді заңдастыруға қарсы іс қимыл туралы талаптардың сақталуына ішкі және сыртқы аудитті тұрақты жүргізуді ұйымдастыруға қатысады;
            10) Директорлар кеңесіне/Директорлар кеңесі жанындағы Аудит жөніндегі комитетке комплаенс жөніндегі іс-шаралардың орындалу мәртебесі туралы және комплаенс тәуекелдер туралы тұрақты есептеме дайындауды қамтамасыз етеді;
            11) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен, соның ішінде этика мен комплаенске қатысты мәселелерді шешу үшін өзара іс-қимыл жасайды. Құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлердің қызметіне ҚР Заңнамасының және «KEGOC» АҚ ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау тұрғысынан тексеру жүргізеді;
            12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі реттеуші органдармен (ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия және т. б.), соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, үшінші тұлғаларды тексеру жүргізу үшін дерекқорларды пайдалану бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
            13) материалдарды дайындауды ұйымдастырады және жетекшілік ететін мәселелер бойынша кеңестерге, семинарларға қатысады.
 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылары, білімі және тәжірибесі:

  • Халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды, Қазақстан Республикасының комплаенс саласындағы, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру мәселелері жөніндегі заңнамасын білу;
  • «KEGOC» АҚ-дағы бизнесті, коммерциялық қызметті және сатып алу рәсімдерін түсіну;
  • Өзгерістерді басқару шеңберіндегі мінез-құлық дағдылары: ішкі және сыртқы (ауызша, жазбаша, визуалды) қарым-қатынас пен тиімді тұлғааралық қарым-қатынастың жоғары деңгейлі келіссөздерін жүргізу дағдылары;
  • Комплаенс және этика мәселелері бойынша ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеудегі, сондай-ақ комплаенс-рәсімдер шеңберінде бизнес-процестерді мониторингтеу бойынша іс-шараларды жүргізудегі, тергеулер жүргізудегі, этика және комплаенс саласындағы есептемені қалыптастырудағы тәжірибе мен дағдылар;
  • Үшінші тұлғаларды кешенді тексеруді енгізу және/немесе басқару бойынша тәжірибе (due diligence of third parties/ KYC);
  • Комплаенс тәуекелін басқару бойынша жұмыс тәжірибесі;
  • Корпоративтік басқару жүйесін түсіну;
  • Оқыту және тренинг өткізу дағдылары;
  • Қоғамның және еншілес ұйымдардың (бұдан әрі - ЕҰ) қызметін реттейтін ішкі құжаттары мен Қоғамның ұйымдық құрылымы;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт және экологиялық қауіпсіздік ережелері мен нормалары;
  • Мінез-құлық кодексі және іскери қарым-қатынас этикасы нормалары.

 

Қойылатын талаптар:

  • Құқықтану немесе халықаралық құқық немесе қаржы немесе есепке алу және аудит бағыты бойынша жоғары білім;
  • Кемінде жалпы 5 жыл, «KEGOC» АҚ-да бар бағдарлама комплаенсі элементтерінің көпшілігін жүзеге асыруды көздейтін комплаенс функциясын іске асыруда болғаны жөн жұмыс тәжірибесі болғаны дұрыс;
  • Біліктілік емтихандарын тапсыруды көздейтін комплаенс жөніндегі халықаралық және ұлттық кәсіби ұйымдар беретін комплаенс саласындағы қолданыстағы кәсіби сертификаттары болғаны дұрыс (IСА Advanced Certificate In Business Compliance және осыған ұқсас орта деңгейдегі сертификаттар);
  • Қоғам қызметін жүзеге асырудың өңірлік және өзге де ерекшеліктерін есепке ала отырып, тиімді коммуникациялар мен оқулар өткізу үшін жеткілікті деңгейде мемлекеттік тілді, сонымен қатар ағылшын тілін меңгергені дұрыс;
  • MS office тәжірибелі қолданушысы.

 

Түйіндемелер 2023 жылғы 2 ақпанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Қажетті қабілеттер

  • комплаенс-офицер

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)