Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті қоршаған ортаны қорғау басқармасының экология секторының жетекші маманы (қызметкердің болмаған уақытына)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
32

Қаралған саны:
2090

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Қоршаған ортаны қорғау/жаратылыстану ғылымдары саласындағы жоғары білім;
  • Магистр дәрежесінің болуы (MBA/ басқа) (мүмкіндігінше).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде 4 жыл (мүмкіндігінше мұнай-газ саласында).

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар (меңгеру деңгейін көрсету, мысалы, В1 (қаз.), Advanced (ағыл.) және т. б.:

  • Мемлекеттік және орыс тілін, ағылшын тілін (мүмкіндігінше).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, рұқсат беру қызметі, парниктік газдар, тұрақты даму, жер қойнауын пайдалануды әкімшілік және салықтық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық нормативтік құқықтық актілері;
  • Мұнай-газ өнеркәсібіндегі қызметті, қоршаған ортаны қорғау, орнықты даму мәселелерін реттейтін әдістемелік, нормативтік және басқа да басшылық құжаттар; халықаралық актілер мен конвенциялар, ең үздік әлемдік практика, ҚОҚ және ОД жөніндегі стандарттар (IOGP, GRI, IPIECA, CDP);
  • Қолданбалы экология саласында, мұнай-газ саласының негізгі технологиялық процестері мен өндіріс режимдері саласында, мұнай-газ индустриясында орнықты даму тұжырымдамасын енгізудің халықаралық тәжірибесі саласында;
  • ҚМГ тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
  • Сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджментінің интеграцияланған жүйесі саласында, экологиялық қауіпсіздік, орнықты даму, ақпараттық қауіпсіздік саласында.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Microsoft Office, Outlook Express, Internet Explorer және өзге бағдарламалармен жұмыс істеу;
  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланып, деректерді жүйелеу, талдау және қорыту;
  • Командада жұмыс істей білу, байланысқа бейімділік, ашықтық, адалдық, тапсырмаларды жедел орындау, орындалатын жұмыстың сапасын жақсартуға ұмтылу;
  • Негізгі қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен (министрліктермен және ведомстволармен), басқа ұйымдармен хат алмасу.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • Су ресурстарын басқару саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында ҚМГ компаниялар тобы үшін ұзақ мерзімді басымдықтар мен нысаналы бағдарларды қалыптастыруға қатысады, су ресурстарын басқару саласында ішкі саясаттар/бағдарламалар, стратегиялық құжаттар, жоспарлар жобаларын әзірлеуді үйлестіреді, олардың іске асырылуын, сондай-ақ ҚОҚ департаменті және қызметтер/департаменттер қызметкерлерінің бекітілген іс-шаралар мен мақсаттарды орындауын бақылайды;
  • Су ресурстарын басқару жөніндегі функционалдық/жұмыс тобын құрады және оның тиімді жұмыс істеуін ұйымдастырады; су ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі ҚМГ ЕТҰ бағдарламаларының/ жоспарларының орындалуын талдайды; жетекшілік ететін бағыт бойынша жұмысты жақсарту мақсатында ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді;
  • Су ресурстары саласында заңнамалық және  ҚМГ-ның өзге де талаптарына (ішкі нормативтік құжаттарға, халықаралық стандарттарға) және ҚМГ қабылдаған міндеттемелеріне сәйкестігін мониторингтеу және бақылау, сондай-ақ ҚМГ компанияларының бүкіл тобы бойынша тұтастай су тарту, су тұтыну және су бұру жүйесін талдау және су ресурстарын пайдалануды жинақтап талдау;
  • GRI стандартының, ҚМГ жылдық есебінің, СDP су сауалнамасының талаптарына сәйкес ҚМГ орнықты дамуы туралы есеп үшін "Су ресурстарын пайдалану" бөлімін дайындау;
  • ҚМГ Еңбек және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі деректерді басқарудың корпоративтік ақпараттық жүйесінің дерекқорын толықтыруды бақылау, сондай-ақ оны қалыптастыру және тұрақты дамытып отыру;
  • Су ресурстарын басқару саласындағы қызметтің функционалдық көрсеткіштерін (ҚНК) әзірлеу;
  • Белгіленген тәртіппен департамент Бағдарламалардың әкімшісі болып табылатын су ресурстарын басқару жөніндегі тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
  • ҚМГ-ның  су ресурстары саласындағы халықаралық ұйымдарға, Қазақстан Республикасында ратификацияланған бастамалар мен конвенцияларға мүшелігі мәселелерін әкімшілендіру; комиссиялардың, жұмыс топтарының жұмысында, халықаралық кеңестерде, семинарларда, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардағы таныстырылымдарда өз құзыреті шегінде ҚМГ мүдделерін білдіреді;
  • Қаражатты игеру және олардың іске асырылуының толықтығын бақылау мақсатында су ресурстарын басқару жөніндегі мәселелер бөлігінде  ҚМГ мен оның ЕТҰ жылдық және перспективалық өндірістік бағдарламалары мен бюджетін әзірлеуге және қарауға қатысады;
  • Су ресурстарын басқару мәселелері бойынша тоқсан сайынғы және жылдық есептерді, талдамалық анықтамаларды, сараптамалық қорытындыларды және басқа да ақпараттық материалдарды дайындайды;
  • Қазақстан Республикасының су ресурстары саласындағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша реттеуші органдармен жұмыс жүргізеді; заңнаманы өзгерту жөніндегі жұмыс топтарына қатысады; Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының сұрау салуы бойынша ақпарат дайындайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр