Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының салықтық есеп бөлімінің жетекші бухгалтері
«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
1. Белгіленген мерзімде салық органдарына салық бойынша есептіліктің мынадай нысандарын жасайды және ұсынады: мүлік, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық, пайдалы қазбаларды өндіру салығы;2. Сондай-ақ төлемдер бойынша есептілік нысандары: жер учаскелерін пайдаланғаны үшін, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған ортаға эмиссиялар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер үшін;
3. Жоғарыда көрсетілген салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдердің ҚР салық заңнамасында көзделген мерзімде аударылуын бақылайды;
4. Салық төлеушінің дербес шотындағы есептелген және төленген салық сомаларын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырады;
5. КТС бойынша декларация жасау үшін ақпарат береді;
6. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жоспарлы бюджеттік көрсеткіштерді дайындауды жүзеге асырады;
7. Шикізаттың, негізгі және қосалқы материалдардың, сатып алынатын бұйымдардың, ыдыстардың, қосалқы бөлшектердің есебін жүргізеді, бухгалтерлік және салықтық есепке алу шоттарында олардың түсуін, шығысын және бас офис бойынша қозғалысын көрсетеді;
8. Материалдық қорларды жеткізу және өткізу жөніндегі ұйымдармен салыстырып тексеру актілерін жасайды;
9. Материалдық қорларға түгендеу жүргізу кезінде қатысады, оның нәтижелерін бухгалтерлік және салықтық есеп шоттарында көрсетеді, бас кеңсе бойынша материалдардың жетіспеуі, ұрлануы, бүлінуі бойынша материалдарды ресімдейді;
10. Бас кеңсе бойынша тауарлық-материалдық қорларды алуға сенімхат жазады;
11. КТС бойынша декларация жасау үшін ақпарат береді;
12. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын бақылайды, оларды мұрағатқа беру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді.
Талаптар:
- Жоғары қаржылық-экономикалық білім;
- Бухгалтердің жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Шарттар:
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар
«KTZ Express» АҚ - «KTZE Commerce» филиалы (Алматы қ.) Бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы
филиал АО «KTZ Express» - «KTZE Commerce» | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
21.05.2026 | 47
от 482 846
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "көпфункционалды қызмет көрсету орталығы"филиалының Алматы ст. есепке алу тобының бастығы
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
27.04.2026 | 667
552 225 - 600 780
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалы Екібастұз станциясының есепке алу тобының жетекші маманы
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
22.05.2026 | 31
от 385 970