Негізгі құралдарды және аяқталмаған күрделі құрылыс есебі қызметінің басшысы СФ

«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
171

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) Қаржы ОЦО-дағы СУОСиНКС-ті басқару; 2) «Қазақтелеком» АҚ-та негізгі құралдарды және аяқталмаған күрделі құрылыс объектілерін (бұдан әрі – НҚ және ААҚҚ) орталықтандырылған есеп жүргізуді ұйымдастыруды жалпы бақылау; 3) мүлікті жедел басқару мен басқару үшін қажет НҚ және ААҚҚ бойынша толық әрі шынайы ақпараттың қалыптасуын бақылау; 4) құжат айналымы тәртібінің сақталуын және филиалдар бойынша НҚ және ААҚҚ-ға қатысты шаруашылық операциялардың, бастапқы және бухгалтерлік құжаттардың дұрыс ресімделуін бақылау; 5) НҚ және ААҚҚ бойынша бухгалтерлік есеп саласында филиалдар, «Қазақтелеком» АҚ-ның Орталық аппараты және Фин ОЦО арасындағы өзара іс-қимылды бақылау; 6) бухгалтерлік есепте Орталық аппарат (ОА) мен Филиалдар бойынша НҚ және ААҚҚ-ға амортизация есептелуін уақытылы және дұрыс көрсетуді бақылау; 7) мүлікті түгендеу нәтижелерінің және НҚ мен ААҚҚ қайта бағалаудың есепте толық көрсетілуін бақылау; 8) НҚ және ААҚҚ бойынша статистикалық есепті құрастыруды бақылау – 11-нысан «Негізгі қорлардың жай-күйі туралы есеп»; 9) ОА мен Филиалдардың НҚ және ААҚҚ есебі бойынша ай сайынғы, тоқсандық және жылдық қаржылық есептілікке қосымшаларды уақытылы құрастыруды бақылау; 10) Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес бекітілген бақылау рәсімдері мен процестер шеңберінде өз міндеттерін орындау; 11) қаржылық тәртіптің сақталуына және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 12) НҚ және ААҚҚ есебі бойынша процестерді автоматтандыруға қатысу; 13) SAP және Track @ Trace ақпараттық жүйелері арқылы НҚ және ААҚҚ есебі бөлігінде интеграциялық өзара іс-қимылды әзірлеуді бақылау: жүйеге деректерді жүктеудің сапасы мен дұрыстығын бақылау; НҚ және ААҚҚ-тың ОА мен Филиалдардан Track @ Trace жүйесінде материалдық-жауапты тұлғалардан (бұдан әрі – МЖТ) бекітілген регламенттерге сәйкес жауапты сақтауға қызметкерлерге дұрыс берілуін бақылау; активтерді сәйкестендіру мен есепке алудың дәлдігін арттыруды бақылау; НҚ және ААҚҚ есебі процестеріне жақсартулар енгізу, тиімділікті арттыру және тәуекелдерді төмендету мақсатында қолмен орындалатын операцияларды азайту; 14) Орталық аппараттың бұйрықтары негізінде балансқа есептілікті ұсынуды бақылауды қамтамасыз ету; 15) негізгі құралдар, материалдық емес активтер және аяқталмаған күрделі құрылыс есебін әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету, соның ішінде Қоғамның ішкі регламенттерін, нұсқаулықтарын және есеп саясатын әзірлеу және өзектендіру; 16) негізгі құралдар, материалдық емес активтер және аяқталмаған күрделі құрылыс есебі процестеріндегі тәуекелдерді талдау және анықтау, оларды барынша азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және енгізу; 17) негізгі құралдар, аяқталмаған күрделі құрылыс есебі бөлігінде ішкі және сыртқы аудиттің өтуін ұйымдастыру және бақылау, оның ішінде аудиторлық тексерулерді сүйемелдеу және ескертулерді жою; 18) қызмет көрсету қызметі қызметкерлерінің құзыреттерін дамыту, оның ішінде оқыту, тәлімгерлік және персонал тиімділігін бағалау; 19) Қоғам филиалдары бойынша негізгі құралдар, материалдық емес активтер және аяқталмаған күрделі құрылыс есебі процестерін біріздендіру мен стандарттауды қамтамасыз ету; 20) есепке алудың тиімділігін арттыру және еңбек шығындарын азайтуға бағытталған бизнес-процестердегі өзгерістерді бастау және сүйемелдеу; 21) Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістерді талдау, олардың НҚ және ААҚҚ процестеріне ықпалын бағалау, қажетті өзгерістерді есепке алу процестеріне енгізуді ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау; 22) НҚ және ААҚҚ есебі процестерін жетілдіру және автоматтандыру бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру, олардың тиімділікті арттыруға, операциялық тәуекелдерді және еңбек шығындарын төмендетуге бағытталуын қамтамасыз ету; 23) ЦА ұсынымдарына сәйкес абоненттердің кеңжолақты қолжетімділік қызметтеріне FTTH (Fiber to the Home) технологиясы бойынша қосылуына байланысты шығыстарды НКС шоттарында және 2920 «Болашақ кезеңдердің ұзақ мерзімді шығыстары» шотында көрсетуді қамтамасыз ету; 24) РК салық заңнамасының электрондық шот-фактуралар және esf.gov.kz порталында НДС-ті зачетқа растау бөлігіндегі өзгерістерін енгізуді және сүйемелдеуді қамтамасыз ету, соның ішінде салықтық тәуекелдерді барынша азайту және Компанияның салықтық шегерімдерін сақтау мақсатында негізгі, түзетілген және кері қайтарылған ЭСФ-тің расталуын бақылау; 25) негізгі құралдар және аяқталмаған күрделі құрылыс есебі бөлігінде автоматтандырылған процестерді (интеграция, роботтандыру, АИ) әзірлеуге, келісуге, тестілеуге және енгізуге қатысу, оның ішінде операциялардың дұрыс көрсетілуін бақылау, жұмыс істеуін мониторингтеу, ақауларды жою және әдістемелік сүйемелдеу; 26) қызметкерлердің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (ЕҚжЕҚ) талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, ЕҚжЕҚ бойынша нұсқамаларды белгіленген тәртіппен ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіз орындалатын жұмыстардың ережелері мен нормаларының орындалуын бақылау.

Талаптар:

-кәсіби (қаржы-экономикалық) білім
-қаржы-бухгалтерлік жұмыс өтілі кемінде 5 жыл